БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың  І тоқсанында жүргізілген жұмыстар туралы есебі  

 

2012 жылдан бастап Жаңаталап, Қосөзен, Құйған ауылдарына нақты жоспарлау жобасымен бірлескен бас жоспар әзірлеу жүргізіліп жатыр. 2012 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Жетіген ауылының бас жоспарына түзету енгізіліп және Қоянқұс ауылына нақты жоспарлау жобасын әзірлеуді қаржыландыру жоспарланып отыр. Қалған елді мекендерде, нақты  Қарасу, Көктерек, Әли, Еңбек, Қайрат, Жаңа Арна, Ақши, Күрті, Жауғашты, Комсомол, Төле би ауылдарында бас жоспар жоқ.

Бас жоспарларды әзірлеуге қаржы бөлу мақсатында бөлімде Алматы облыс сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген келесі 5 жылдыққа жсопарланып отырған аудан бойынша қалған елді мекендердің бас жоспарларын дайындауға қаржы кестесі құрылған,атап айтсақ Қарасу, Көктерек, Әли, Еңбек, Қайрат, Жаңа Арна, Ақши, Күрті, Жауғашты, Комсомол, Төле би ауылдары. Қала құрылысы құжаттарын әзірлеуге қажетті төлем базар құны есебімен түзетіледі, яғни нақты емес.

Сонымен қатар 2012 жылдан бастап Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша «ГРАДО» Жобалау фирмасы» ЖШС Алматы облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысын құру мақсатында Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеуге кірісті,аталған жобаны жүзеге асыру аясында бөлім Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысын толықтыру мақсатында мәліметтерді жинақтаумен айналысып жатыр.

2012 жылдың 1 бірінші жартыжылдығында сәулет және қала құрылысы бөліміне  барлығы 624 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде 466 өтініш жеке тұлғадан, 158 заңды тұлғадан, 11 ұжымдық, 6 шағым, 2 ұсыныс келіп түсті.  Заңды және жеке тұлғалардың 521 өтінішіне түсіндірме берілді, оның ішінде 95 өтініш қанағаттандырылды, қарастырылмаған 13 өтініш келесі 2 жартыжылдыққа қалдырылды.  Келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әр түрлі нысандар құрылысы үшін жер телімдерін беру туралы (жеке тұрғын үйі құрылысын, өндірістік ғимараттар, денсаулық сақтау нысандары, көліктұрағы, жанар – жағар май құрылысы, дүкендер және т.б), жер телімінің мақсатты тағайындауын өзгерту  және жер телімдерін бөлу туралы және басқа да даулы мәселелер туралы.

Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық сипаттағы маңызды мақсат болып табылатын Қазақстанның  2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі бағыты болып қалады. 2011 жылдың 6 айында  жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 9,2 мың шаршы метр, ал мекемелер мен ұйымдар есебінен 5,0 мың шаршы метр құрылыс жүргізілді және пайдалануға қабылданды.

«Қолайлы тұрғын –үй - 2020» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй нарығының  дамуы 2012 жылдан бастап қарастырыла басталды. Елді мекеннің бас жоспарына сәйкес Қараой ауылы, Тлендиев ауылында аталған бағдарлама бойынша алаңдар кейінге сақталған.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде және жер телімінің мақсатты тағайындауы бойынша жер телімдерін пайдалану, өз бетінше жүргізілген құрылысты бақылауды күшейту жүргізіліп жатыр.

Бөліммен «Геосәулет» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен тұрғызылып жатқан аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізілді, тексеру барысында әр түрлі мақсаттағы өз бетінше тұрғызылған нысандар анықталды. Сәулет құрылысы нормаларын бұзғаны үшін сәулет және қала құрылысы бөлімімен жиналған 53 материалдар «Алматы облысы сәулет қала құрылысын мемлекеттік бақылау басқармасы» ММ және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Агенттігі өңіраралық жер инспекциясына әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін жолданды.

«Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 3 адамнан құралған: бөлім бастығы және екі бас маман. Ауданда жер инспекциясы  мен сәулет қала құрылысын бақылау жағынан бір ғана мемлекеттік инспектор жетекшілік етеді.

Бөлім «Геосәулет» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен республикалық және облыстық маңыздағы жол бойы сервисі нысандарына тексеру жүргізді. Іле ауданы аумағындағы Алматы - Өскемен көлік жолы бойында 26 нысан, Алматы – Жетіген көлік жолында 78 нысан орналасқандығы анықталды.

Алматы - Өскемен көлік жолының 1 «а» санатты параметрге дейін қайтажоспарлауына байланысты көлік жолының жолағы 35 метрді құрау керек, сол көлік жолындағы 6 нысан жер телімдерімен сатылып алынды: («Фирма Комплекс» ЖШС-на тиеселі «RK - OIL» жанар – жағар май құю станциясы, «AZAMAT DISTIBUNION COMPANY» ЖШС – на тиеселі кафе, жанар – жағар май құю станциясы, «Ю.Р.Р - III» ЖШС – на тиеселі «Гринвуд» ЖШС, «КазМунайГаз» жанар – жағар май құю станциясы, «Валентина» дүкені.) Қазіргі кезде «Валентина» дүкені мен «Нар Ойл» жанар – жағар май құю станциясы нысандары сатылып алынғанмен босқа тұр, ол  жол бойының сәулеттік келбетін бүлдіріп тұр.

 Сәулет құрылысы нормаларын бұзғаны үшін «Алматы облысы сәулет қала құрылысын мемлекеттік бақылау басқармасы» ММ және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Агенттігі өңіраралық жер инспекциясына әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін 2012 жылы жолданды.

Жіберілген  53 материалдың 43 – іне әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл төленді, 3 материал бойынша қосымша нысанды бұза отыра жазалауға алынды. Әкімшілік жазадағы айыппұл салу мөлшері жеке тұлғалар үшін 10 АЕК (айлық есеп көрсеткіші), шамамен 16 180 тенгені құрайды. Заңды тұлғалар үшін 20 АЕК – нен 50 АЕК –не дейін айыппұл салынады.         

Қазіргі уақытта жол бойы сервисі құрылысы үшін бұрын берілген жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру мәселесі қиын жағдайды тудырып отыр, себебі заңға енгізілген түзетулерде бұрын бөлінген жер телімдерінде күрделі құрылыс жүргізуге тиым салынған. Бұрын республикалық  көлік жолының бойында орналасқан жол бойы сервисі нысандары Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының қала құрылыстық бөлімімен келісілетін және эстетикалық сәулеттік келбеті  талапқа сай боатын, сол себепті алдағы уақытта жер  телімін пайдалану аталған мекемемен келісу қажеттігін атап айтқым келеді.

 Соңғы кездері көлік жолдарының қасындағы құрылыс үшін бөлінбеген жер телімдерінде уақытша сауда орындарын ұйымдастыру жиілеп кетті, осындай жағдайларды ретке келтіру мәселелері қиындап отыр, себебі көп жағдайда меншік иесін табу мүмкін емес, көп сауда орындарында жалдамалы жұмысшылар қызмет атқарады.

Тағы айтатын кететін мәселе, көлік жолы үшін бөлінген жер телімдерінде көмір, май сату, ағаш сату жағдайлары көбейіп кетті, бұл жолды пайдалану сапасын төмендетеді және апаттық жағдайды қалыптастырады.

Осыған байланысты осы мәселені шешуде әкімшілік жауапкершілікке тарту жол қызметіне жүктелген, бірақ ешқандай өз жағынан аталған мекеме шара қолданбайды.

2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес Алматы облысы әкімдігімен 2011 жылы 14 қарашада № 243 «Жарнаманың кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды, аталған қаулыны орындау барысында «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММекемесіне елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру туралы міндеті жүктелді. Осыған орай бөлімде өз бетінше сыртқы жарнама нсыандарын орналастырғандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы жылы жарнама объектілерін орналастыруға 14 рұқсат қағазы берілді. Көп жағдайда көлік жолы қасындағы     жарнама объектілері  заңсыз болып табылады.

2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II  «Көлікжолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының таптарына сәйкес жол бойы сервисі нысандары құрылысы үшін жер телімдерін пайдалану және бөлу жол санатына байланысты жүзеге асады. Көлік жолы жолағын күрделі құрылыс үшін пайдалануға болмайды және ол жерлер жеке меншікке берілмейді, себебі көлік жолдарын бөлу  жолағына 1 техникалық санаттағы республикалық маңыздағы жолдар жатады, яғни  жол тұйығынан 35 метр қашықтық, 2 техникалық санаттағы облыстық маңыздағы жолдар үшін 20 метр қашықтық анықталған.

 Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 164-1 бабына сәйкес  қосымша уақытша орналасқан сауда орындарын құрту мақсатында, белгілі тәртіппен бөлінбеген жер телімдерінде контейнер орналастырған жер телімдерін өз бетінше мемлекеттің меншігіндегі жер телімдерін босатуды талап ету жер телімінің орналасқан орны бойынша жергілікті атқарушы органдар бойынша жүзеге асады.

  Заңды емес меншік иесі 30 күнтізбелік күн ішінде өз бетінше жер телімін босатуға және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңында қарастырылған жер телімінде тұрғызылған нысанды өз қаржы есебінен бұзып тастауға міндетті.

«Мекен – жай тіркелімі» АЖ толықтыру мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жылжымайтын мүлік орталығы арасында нысандарды салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әр күн сайын орта есеппен 500 геонимге түзету енгізіліп отырады. Сәулет бөлімімен қосымша қызметкерлер бекітілген. Алайда енгізілген өзгерістер жылжымайтын мүлік орталығының мәліметтер базасында көрсетілмей отыр, сол себепті облыстық деңгейде аудан бойынша пайыздық көрсеткіш төменгі деңгейді көрсетіп отыр.

            Сәулет бөлімі заңды түрде құрылыс жүргізушілерге әкімшілк сипаттағй шара қолдану түрінде жазалай алмайды, берілетін ескерту хаттары көп жағдайда ұсыныс жасау ретінде қолданылады және жиі орындалмай қалады.  Сонымен бірге, бөлімде көлік жолы жолағында орналасқан жарнама объектілеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылмаған.