БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
Бас жоспар туралы мәлімет  
 

Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары қала маңы аймағы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.
Бас жоспарды әзірлеудің басты мақсаты - Алматы қаласы және қала маңы аймағындағы елді мекендерде экологиялық қолайлы, тыныс-тіршілікке қауіпсіз орта құруға, әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамды параметрлері негізінде аумақтың функционалдық-жоспарлық ұйымдастырылуын қалыптастыруға; Алматы қаласы мен Алматы облысының өзара байланысты мүдделерін ескере отырып, аумақты пайдалану регламенттерін әзірлеуге бағытталған қала құрылыстық шаралар кешенін жүргізу.
Қала маңы аймағының бас жоспары 17,44 мың шаршы километр аумақта орындалған және Алматы облысының бес әкімшілік аудандарын: Қарасай ауданын толық, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бір бөліктерін, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағын қамтиды.
Бас жоспарда: қалыптасқан және болжамды демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ескерілген қала маңы аймағының аумақтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары; Жетісудың мәдени мұрасын ескере отырып, ерекше қорғалатын аймақтарды бөлу; өндірістік, рекреациялық, жасыл аймақтарды дамыту мен орналастыру; функционалдық аймақтандыру және жоспарлық құрылымдау арқылы, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту айқындалады.
Бас жоспар іске асырудың мынадай жобалық кезеңдерін ескере отырып орындалған:
бастапқы жыл - 2009 жыл;
бірінші кезең - 2015 жыл;
аралық кезең - 2025 жыл;
есептік мерзім — 2035 жыл;
болжамдық мерзім - 2040 жыл.
Бас жоспар, қала құрылысы жағдайлары мен ресурстық әлеуетті кешенді талдауды ескере отырып, Алматы қаласына іргелес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен функционалдық мақсатын анықтайды.
Сәулет, қалақұрылысы қызметі саласындағы негізгі құжат 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II «ҚР –ның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы» болып табылады, ал Заңның бас талабы және «ауданның бас сәулетшісі туралы ережесі» елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету.
Осы Заңды жүзеге асыру аясында 2008 – 2015 жылдар аралығында Алматы облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасымен Іле ауданының елді мекендерінің бас жоспарлары әзірленді және бекітілді.
Барлығы 31 елді мекеннен, оның ішінде: 17 елді мекенге – бас жоспарлар, 9 елді мекенге (Жаңа Арна, Құйған, Комсомол, Қосөзен, Тлендиев, Ақши, Әли, Жауғашты, Төле би) - бас жоспарлармен бірлесе орындалған нақты жоспарлау жобалары, сонымен қатар Өтеген батыр кентінің қоғамдық аймағына, оның ішінде Қарасу ауылын қоса отыра, М.Түймебаев ауылының өндірістік аймағының бір бөлігіне, Боралдай кентінің қоғамдық және өндірістік аймағына, Жаңа Талап ауылының тұрғын және қоғамдық аймағына, Междуреченск ауылының Шабыт ықшамауданына нақты жоспарлау жобалары бекітілді.
Қалған 2 елді мекенге (Көктерек, Еңбек) елді мекендерді дамытудың оңтайландырылған сызбалары әзірленді;
Қайрат станциясының аумақтық қарастылығы Талғар ауданына жататындықтан, Күрті ауылының тұрғындарын аз болуына байланысты, аталған елді мекендерге қала құрылысы құжаттарын әзірлеу қажеттілігі жоқ.
Қазіргі уақытта Покровка ауылының өндірістік аймағына және Өтеген батыр кентінің қалған бөлігіне (өндірістік аймақ, «Манас», «Тростинка», «Энергетический», «Урожай»), Боралдай кенті, Жаңадәуір, М.Түймебаев, Байсерке ауылдарына егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары және Жәпек батыр ауылына бас жоспармен бірлескен егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы және Алматы – Өскемен жол бойы ауданында орналасқан аумақта егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалды.
Аталған қала құрылысы құжаттары осы жылдың ақпан айында Іле ауданының мәслихатына бекітуге ұсынылады.
Іле ауданының қалған 8 елді мекенін (Жетіген, Қараой, Чапай, Екпенді, Қоянқұс, Ынтымақ, Көкқайнар, Казцик) егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету мақсатында және құрылысты реттеу мақсатында басқа да елді мекендердің бас жсопарларына түзету енгізу қажеттілігіне байланысты, ауданның сәулет бөлімімен 2016 жылға оларды жоспарлау жұмысына қосу туралы Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсыныс берілді.