БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін  
 

 «ҚР сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 20 бабының 23-14 тармақшақшасына сәйкес 2015 жылдың 30 қарашасында № 750 Ұлттық эконмика Министрінің бұйрығымен құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілді.
Осыған байланысты, Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды, әсіресе СЖТ (сәулеттік жоспарлау тапсырмасын) алу үшін «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);
4) топографиялық түсірілім;
5) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат.
Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін –өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 33 бабының 3тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудің басталғаны жөнінде хабардар етеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз елді мекен аумағында құрылыс салуға жол берілмейді.