БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау туралы  
 

 «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы» ММ тұрғындардың есіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан саяжай үйі, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар және коммерциялық бағыттағы объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі өзгергіндігін хабарлайды.
2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес комиссиялық қабылдау актісінің күші жойылған және объектілерді пайдалануға қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілген. «Қазақстан Республикасындағы «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі туралы» Заңының 73, 75 бабтарына сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдаудың жалпы тәртібі және объектілерді пайдалануға қабылдау талаптары анықталған.
Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.
Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.
Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiлуге жатады.
Қабылдау актiсiн бекiтудi тапсырыс берушi жүргiзедi.
Тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде тiркелген, объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады..
Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын
объектiлер
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі болған кезде меншік иесі (тапсырысшы, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді, атап айтқанда:
1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
2) уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;
3) жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелерiндегi құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесiндегi (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;
4) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
5) автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;
6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;
7) шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;
8) үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асыруға құқылы.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, бұл баптың нормаларын қолдануға болмайды.
3. Осы баптың нормалары:
1) құрылысы мемлекеттiк инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ ерекше реттелетiн аймақтарда орналастырылатын (орналастырылған) объектiлерге қолданылмайды.
4. Объект иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.