БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
Тұрғын ғимараттарда байланыс және телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнату бойынша МӘЛІМЕТ  
 

2015 жылдың 30 қарашасында № 750 Ұлттық эконмика Министрінің бұйрығымен құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілді. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Аталған құжаттың бір тармағында объектілерді пайдалануда келесі шараларды жүргізуге тиым салынған:
- ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;
- ауабаптағыштарды қаланың магистральді және транзиттік көшелерінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қасбеттерінде, сондай сәулет бөлшектерінің, декор элементтерінің, сәулет-декоративтік өңдеудің үстіне орналастыруға немесе оларға бекітуге;
- көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, сондай-ақ ЖАО-мен келісусіз байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде ұлттық спутниктік телеарналардың немесе сандық эфирлік телерадиохабарлар таратудың кабель желілерін, ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.