БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2016 жыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ЕСЕБІ және 2017 жылға қойылған міндеттер 09.01.2017

 

Қала құрылысы құжаттармен қамтамасыз ету

           

Сәулет, қалақұрылысы қызметі саласындағы негізгі құжат 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II «ҚР –ның  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы» болып табылады, ал Заңның бас талабы және «ауданның бас сәулетшісі туралы ережесі» елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету, осы Заңды жүзеге асыру аясында 2008 – 2015 жылдар аралығында Іле ауданының елді мекендерінің бас жоспарлары әзірленді және бекітілді. 

Барлығы 30 елді мекеннен, оның ішінде:  17 елді мекенге – бас жоспарлар (Өтеген батыр (2008 ж), Боралдай кенті, Междуреченск, Екпенді, Жаңаталап, Жаңадәуір,Байсерке, Ынтымақ, КазЦИК, М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Жетіген, Қараой, Қоянқұс, Чапаев, Покровка кенті),   9 елді мекенге  (Жаңа Арна, Құйған, Комсомол, Қосөзен, Тлендиев, Ақши, Әли, Жауғашты, Төле би)  - бас жоспарлармен бірлесе орындалған нақты жоспарлау жобалары, сонымен қатар Өтеген батыр кентінің қоғамдық аймағына, оның ішінде Қарасу ауылын қоса отыра, М.Түймебаев ауылының өндірістік аймағының бір бөлігіне, Боралдай кентінің қоғамдық және өндірістік аймағына, Жаңа Талап ауылының тұрғын және қоғамдық аймағына, Междуреченск ауылының Шабыт ықшамауданына нақты жоспарлау жобалары бекітілді.

Қалған 2 елді мекенге (Көктерек, Еңбек) елді мекендерді дамытудың оңтайландырылған сызбалары әзірленді;

 2015 жылы Покровка ауылының өндірістік аймағына және Өтеген батыр кентінің қалған бөлігіне (өндірістік аймақ, «Манас», «Тростинка», «Энергетический», «Урожай»),  Боралдай кенті, Жаңадәуір, М.Түймебаев, Байсерке ауылдарына егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары және Жәпек батыр ауылына бас жоспармен бірлескен егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы әзірлеріп 2016 жылы бекітілді және Алматы – Өскемен, Батыс Европа – Батыс-Қытай, Айналмалы Үлкен Алматы Көлік Жолы жол бойы аумағында орналасқан аумақта егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалд және бекітілді.

       Қазіргі уақытта, Іле ауданының 12 елді мекенін (Жетіген, Қараой, Чапай, Екпенді, Қоянқұс, Ынтымақ, Көкқайнар, Казцик, Түймебаев, Боралдай, Казцик, Междуреченск) егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету мақсатында және құрылысты реттеу мақсатында «Градо» ЖШС, «Урбостиль» ЖШС, «Нұр Құрылыс» ЖШС жобалау мекемелері қала құрылысы құжаттарын әзірлеуге кірісті, аталған қала құрылысы құжаттарын бекіту 2017 жылы жоспарланып отыр.

 

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру

Тұрғын үйі және әлеуметтік құрылыс

   

«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ай сайын тұрғын үйі құрылысын пайдалануға қабылдау бойынша ТҮҚ -1 есебін тапсырады.

Жоспар бойынша 2016 жылға тұрғын үйі құрылысын қабылдау 79,9 шаршы метрді құрайды, осы жылдың 12 айында 84,6 шаршы метр тұрғын үй қабылданды, немесе өткен жылға қарағанда 117,3 пайызды құрайды.

        Оның ішінде: 5001 мың шаршы метр қабылдау актісі, 70 285 шаршы метр мүлікті жариялау арқылы қабылданды.   Сонымен қатар, «Өңірді дамыту» бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентінде жалпы аумағы 9,3 мың шаршы метр екі жалға алу тұрғын үйі құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді.  

      Негізінен өткен жылы тұрғын үйі құрылысы жоспары тек қана мүлікті жариылау бағдарламасы бойынша орындады, себебі  «ҚР Сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңына өзгертулер енгізіліп, комиссиялық пайдалануға қабылдау тәртібі күшін жойып, объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібінің жаңа нұсқасы енгізілді.   

      Бүгінгі күні аудан көлемінде жергілікті жердегі жеке тұрғын үйлердің менщік иелері тұрғызылған үйлерін заңды рәсімдей алмауда, себебі құрылыс мердігерлік ұйым, техникалық және авторлық қадағалаушыларсыз және рұқсатсыз салынған, осындай жағдайлар кедергі келтіруде,  ол 80 пайызды құрайды.

         «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы үшін жер учаскелерін резервте қою тек қана Өтеген батыр кентінде және жеке тұрғын үйі құрылысы үшін жер учаскелері Междуреченск ауылдық округі Шабыт ықшамауданында (250 га) алдын – ала сақталған.

       Бас жоспарды және егжей – тегжейлі жоспарлау жобасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік жер қорындағы жалпы аумағы 2,535 га жер учаскесінде 6 көпқабатты тұрғын үйі құрылысы қарастырылған, қазіргі кезде 6 көпқабатты тұрғын үйі 294 пәтерімен тұрғызылды және пайдалануға берілді және Өтеген батыр кенті Рахымбаев көшесінде үш 50 пәтерлік және үш 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйі  барлығы 330 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жоспарланып отыр.     Осыған орай, Өтеген батыр кентінің  тұрғын үйі саласындағы әлеуметтік мәселесін шешу 83,3 пайызды құрайды, яғни 2018 жылы көпқабатты тұрғын үйлер саны 604 пәтерімен 12 ге жеткізіледі.

       2017 жылы 79,6 мың шаршы метр тұрғын үйі құрылысын салу және пайдалануға қыблдау жоспарланып отыр, оның ішінде 73 мың шаршы метр жеке меншік тұрғындар есебінен, 6,6 мың шаршы метр Өтеген батыр кентіндегі 60 пәтерлік несие алу тұрғын үйі есебінен.

 

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру

2003 – 2015 жылдардағы индустриалды – инновациялық дамыту Стратегиясы аясында ауданда инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Іле ауданы аумағында үш инфрақұрылымдық жобалар жүргзіліп жатыр:  

- Казахстан – Қытай магистралды газқұбыры жобасы;

- Қорғас –Жетіген темір жолы құрылысы;

- Батыс Европа – Батыс Қытай транзиттік транспорт коридоры құрылысы, жалпы ұзындығы 5,2 шақырым;

 

Сонымен қатар, аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 17 қазандағы №533 Алматы облысы Әкімдігі Қаулысымен  Ынтымақ ауылындағы Гейт Сити «G4 City» аумағында «Береке» индустриалды аумағы құрылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы ауданнның әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамытуға келесі коммерциялық және өндірістік мағңыздағы объектілер өз ықпалын тигізеді.

Энергетикалық ауылдық округі бойынша:

 - Алматы – Қапшағай көлікжолында «Дәулет Бекет» ЖШС, қымыз, шұбат ұлттық сусындарды жүзеге асыру бойынша қоғамдық тамақтану орны құрылысын жоспарлап отыр, инвестиция көлесі 175 млн тенге;

- Алматы – Жетіген көлікжолында «Мостоотряд-8» ЖШС көлікжолдары мостары үшін полиуретанды тіреу бөліктерін өндіру цехі, инвестициялық құны 88 млн 803 мың тенге;

Қараой ауылдық округі бойынша:

- Алматы – Өскемен көлікжолындағы А.Б.Молдкасимовтың  темірбетонды бұйымдар зауыты;

- ЖК Е.Еркеновтің қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты, инвестиция көлемі – 173 млн тенге.

Байсерке ауылдық округі бойынша:

- «Армина Треид» ЖШС –ның өндірістік базасы - 200 млн.тг (ИЛЦ «Даму»)

- «Вираж» ЖШС –ның «ресторан, қонақүй, көлік сату әкімшілік ғимараты кешені» құрылысы бойынша объектісі, инвестиция көлемі 5 млрд.тенге;

- Алматы –Жетіген облыстық маңыздағы көлік жолы және Алматы – өскемен республикалық маңыздағы көлік жолының арасындағы, «Батыс Европа –Батыс Қытай» магистарлыд көлікжолында «Тир Паркинг» ЖШС –нің «Көлік тұрағы» объектісі, инвестиция көлемі 500 млн.тенге

- Алматы –Жетіген көлікжолы ДАМУ аумағында «Food Town Almaty» ЖШС – ның «өндірістік – логистикалық орталығы» объектісі;.

 - Алматы –Жетіген көлікжолы ДАМУ аумағында «Wilo Central Asia» ЖШС – ның «әкімшілік ғимараты және қойма ғимараттары» объектісі, инвестиция құны 1 млрд. тенге;.

- Алматы –Жетіген көлікжолы ДАМУ аумағында «APS Engineering»ЖШС – ның «тенттік өнімдерді өндіру өндірістік цехі» объектісі, инвестиция құны 5 млрд. 552 мың тенге;

Байсерке ауылдық округі аумағында «Лукойл Центральная Азия» ЖШС – ның зауыты құрылысы басталып кетті, инвестиция құны 85  млн.долл АҚШ

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:

- «Метиндастри» ЖШС – ның арматура өңдеу кіші зауыты құрылысы басталды - - 1 млрд 500 млн. тенге

 

«100 қадам – Ұлт жоспарымен» реформасын жүзеге асыру бойынша

«100 қадам – Ұлт жоспарымен» атты Елбасының бес институциондық реформасын жүзеге асыру бойынша «қылмыстық құқық бұзушылар картасы» ұлттық ақапараттық желісі негізінде «қылмыстық құқық бұзушылар картасы» интернет порталын құру (32 қадам) жоспарланған болатын.

    Аталған жұмысты орындау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына, облыстық және аудан әкімдіктеріне тапсырылған.

Осыған орай, аталған жұмысты орындауға тапсырыс беруші – облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы, орындаушы – мердігер мекеме – «Надир» ЖШС  - на Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кенті мен Покровка кенті елді мекендері бойынша геоақпараттандыру картасын әзірлеу тапсырылған болатын.

    «Надир» ЖШС қызметкерлерімен және Өтеген батыр кентінің жетекші сәулетшілерімен осы жылдың қыркүйек және қазан айларында үлкен жұмыстар атқарылды, елді мекенде орналасқан барлық көшелерге тексеру жұмыстары жүргізілді, атауларыв жоқ көшелер анықталды, тұрғын массивтегі барлық тұрғын үйлердің реттік нөмірлерін салыстыру жұмыстары жүргізілді  жылжымайтын мүлікке мекенжай анықталды, бұрын бірыңғай база болмағандықтан объектілердің құқық беру құжаттары бойынша не болмаса нақты орналасуы бойынша сәйкессіздіктер анықталды, жаңа көшелерге берілген жаңа көше атаулары анықталды және тағы басқа жұмыстар орындалды.

   Энергетик кенттік округі әкімдігіне Энергетик ауылдық округі құрамына кіретін Қарасу ауылындағы тұрғын аймақтағы 20 көшеге атау беру туралы ұсыныс енгізілді.

  Орындалған жұмыстар қорытындысы бойынша «Надир» ЖШС Өтеген батыр кенті және Покровка ауылына геоақпараттандыру картасын әзірледі, аудандық сәулет бөлімімен қажетті келісім алынды және тапсырыс берушіге тапсырылды.

      Қазіргі уақытта «Надир» ЖШС табыс еткен мәліметтер бойынша Өтеген батыр кенті, Покровка, Қарасу ауылдарының геоинформациялық мәліметтер базасы мен мекенжай тіркелімі мәліметтер базасын салыстыру бойынша жұмыстар жүргізілп жатыр.

     46 қадамын жүзеге асыру мақсатында  рұқсат алуды оңтайландыру және  құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізілген, құжаттарды беру рәсімі 2 есеге қысқартылған. Қазіргі уақытта бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 6 күннен 15 күнге дейінгі мерзімде, екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күннен 10 күнге дейінгі мерзімде,  үшінші - рұқсаттың өзі - 10 күн ішінде жүзеге асады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 4 регламент әзірленген және бекітілген ( Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне анықтама беру;  Сәулеттік жоспарлау тапсырмасын беру;  Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;эскиздік жобаны келісу;)

     12 ай ішінде Іле ауданының сәулет және қала құрылысы саласында барлығы 6265 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 5993 жылжымайтын мүліктің мекенжайын анықтау анықтамасы, 166 сәулеттік жоспарлау тапсрымасы, 106 эскиздік жоба келісілді және қарастырылды.

     

 «Мекенжай тіркелімі» Ақпараттық жүйесі

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 95 «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы» қаулысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысымен бекітілген 2005 - 2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы «Электрондық Үкімет» мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыруды орындауда Іле ауданы әкімдігі аппаратымен «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыру бойынша шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтырумен  «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, онамастикалық комиссия бөлімі және Алматы облысы жылжымайтын мүлікті тіркеу ортылығы Іле аудандық МКҚК жүктелген. Әрбір бөлім өз саласындағы мәліметтер базасын толықтырумен айналысады.

     Қазіргі уақытта «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорында жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайын салыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және  көрсетілген кемшіліктерге сәйкес Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі «Мекенжай тіркелімі» жүйесінде бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің қайталанған мекенжайын жою және қате мекенжайларын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

      Қазіргі уақытта «Мекенжай тіркелімі» жүйесінде бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің қайталанған мекенжайын жою бойынша жұмыстар толық түрде аяқталды.

Азаматтардың өтініштерін қарастыру

     2016 жылы сәулет және қала құрылысы бөліміне 242 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде 209 өтініш жеке тұлғадан, 33 өтініш заңды тұлғадан, оның ішінде 104 өтінішке түсіндірме берілді, 42 өтініш қанағаттандырылды, 96 өтінішке тиым салынды.

    Келіп түскен өтінішердің көп бөлігі жеке тұрғын үйі құрылысы үшін жер телімдерін беру,елді мекен шегінде үй-жайларға, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету үшін жер телімін беру, жер телімінің пайдалану нысанын  өзгерту, жер телімдерін бөлу және сот тәртібімен реттелетін басқа да жер дауы мселелері.

.

Сәулеттік келбет

       Сәулет бөлімімен аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендер мониторингі заңды түрде жүргізіліп отырады. Бөлім «Геосәулет» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен құрылысы жүргізіліп жатқан объектілерге тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады, олардың жобалық құжаттарын тексеріп отырады.    Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімімен тапсырыс берушімен аумақты көгалдандыру, жарықтандыру, абаттандырумен қатар  әр түрлі саладағы жобаларды келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Г.Абдраимовтың қатысумен облыстық комиссия қорпытындысы бойынша Іле ауданы әкімінің орынбасары Н.Құматаевтың басшылығымен заңсыз қойылған сауда орындарын, контейнерлерді алып тастаумен қатар келесі шаралар қабылданды, сонымен қатар кіші және орта бизнес кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді:

         - Байсерке ауылдық округі бойынша 10 киоск, 23 контейнерлер бұзылды.  Жергілікті полиция инпекторлары жағынан жер учаскелерінің меншік иелеріне және жалға алушыларына 20 дана хаттама толтырылды.   

      - Энергетик кенттік округі, Өтеген батыр кенті бойынша 4  киоскілер,  8 контейнер и 1 шашлычный бұзылды .

     - Қараой ауылдық округі бойынша 2 контейнер, 1 тұрғын үйі бұзылды.

     - Чапаев ауылдық округі бойынша 1 киоск бұзылды.

     - Боралдай кенті бойынша 3 киоск 10 контейнер бұзылды.

      - Жетіген ауылдық округі бойынша 2 киоск,  1 шашлычный бұзылды.

       - Казцик ауылдық округі бойынша 2 контейнер бұзылды .

        - Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша 6 киоск, 4 контейнер бұзылды .

     Барлығы аудан бойынша 26 киоск, 49 контейнер, 2 шашлычный, 1 тұрғын үй бұзылды.

 

Қолданған шаралар

    Сәулет бөлімімен аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендер мониторингі заңды түрде жүргізіліп отырады. Бөлім «Геосәулет» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен құрылысы жүргізіліп жатқан объектілерге тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады, олардың жобалық құжаттарын тексеріп отырады. Құрылыс жүргізуді жоспарлап отырған жер телімінің меншік иелері құрылыс – монтаждық өндірісі жұмыстарына рұқсат құажаттарын рәсімдеу үшін Алматы облысының сәулет және қалақұрылысын бақылау Департаментіне жолданады.

Жер телімдерін тексеру қорытындысында Іле ауданы аумағында қазіргі кезде 51 объект құрылыс – монтаждық өндірісі жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның ішінде 17 объектінің меншік иелерінде құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ. 2016 жылы сәулет –құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 20 материалдар Алматы облысы сәулет және қала құрылысын мемлекеттік қадағалау Департаментіне әкімшілік шара қолдану үшін жолданды. Оның ішінде 13 объектінің меншік иелеріне айыппұл салына отыра шара қолданды. Жер заңдылықтарын бұзғаны үшін 2016 жылы бөлімімен Алматы облысының жер инспекциясына 25 материалдар жолданды, оның ішінде 10 меншік иесіне айыппұл сала отырып шара қолданды.  

 Аумаққа құрылыс жүргізуде сәулет және қала құрылысы, құрылыс саласындағы заңнаманы сақтауда бөлім жұмысы Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мен аудан әкімдігімен қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

2017жылға қойылған міндеттер:

1.  Ауданның барлық елді мекендерін қалақұрылысы құжаттармен қамтамасыз ету;

2.               Елді мекендердің бас жоспарларының талаптарын міндетті түрде сақтау;

3.    Қажетті органдарға шара қолдану үшін материалдар жолдау;

4.    Сәулет және қала құрылысы саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін халықпен жұмыс істеу;

5.    Елді мекендерді абаттандыру бойынша шараларды орындау;

6.    Әлеуметтік тұрмыстық және тұрғын үйі құрылысы объектілерін жобалау үшін бастапқы деректерді жинақтау және жобалық – сметалық құжаттарды әзірлеу;

7.    Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мен аудан әкімдігімен қойылған міндеттерді орындау бойынша қолданылған шаралар;