БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ  
 

Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің

 2011 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

ЕСЕБІ

 

Іле ауданы 11 округтен, 32 елді мекеннен,  оның ішінде 4 кенттік және 28 ауылдан құралады және Алматы қаласымен шектесіп жатыр, ауданның бір бөлігі 1998 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген Алматы қаласы қала маңы аймағына жатады. Ауданның жалпы ауданы 7 800 шақырым. Іле ауданы орталығы Өтеген батыр кентінде орналасқан.

«Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (ары қарай мәтін бойынша) Іле ауданы аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылық пен бақылау – қадағалау функциялары мен атқарушы  қызметтерді жүзеге асырады. Бөлім Іле ауданы әкімінің 2004 жылғы 07 қаңтардағы № 1-3 қаулысымен  құрылған және бөлімде 3 адам, яғни бөлім бастығы және екі бас маман қызмет істейді.

2011 жылы бөлімге барлығы 2 138 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде 1 813 өтініш жеке тұлғадан, 322 заңды тұлғадан, 23 ұжымдық, 11 шағым. Келіп түскен өініштердің 1 832 қарастырылды, оның ішінде 645 өтініш қанағаттандырылды, 152 өтінішке тиым салынды, 939 өтінішке түсіндірме берілді, 96 өтініш қарастыру үшін уәкілетті органға жолданды, 2012 жылға 9 өтініш қарастыруға қалды.

Келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әр түрлі нысандар құрылысы үшін жер телімдерін беру туралы (жеке тұрғын үйі құрылысын, өндірістік ғимараттар, денсаулық сақтау нысандары, көліктұрағы, жанар – жағар май құрылысы, дүкендер және т.б), жер телімінің мақсатты тағайындауын өзгерту  және жер телімдерін бөлу туралы және басқа да даулы мәселелер туралы.

Жер телімдерін бөлу туралы өтініштерді қарастыру аумақты дамытуды анықтайтын елді мекендердің бас жоспарына және әр түрлі нысандар құрылысына жер телімдерін пайдалану мүмкіндігіне байланысты және ол Республика заңдарымен бекітілген.

Аумақ дамуы мен кешенді жоспарлауды анықтайтын қала құрылысы құжаттары елді мекендердің бас жоспарларымен 1986-1988 жылдары аралығына 1998 -2000 жылдарға дейінгі мерзімге  әзірленген. Бас жоспарларды әзірлеу Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 2008 жылдан бастап әзірлене бастады, сол уақыттағы барлық елді мекендердің бас жоспарлары ескерген.

2009 жылы Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінің бас жоспары бекітілді. Ары қарай Алматы қаласы қала маңы аймағының бас жоспарын жүзеге асыруда Іле ауданы елді мекендеріне 19 бас жоспар әзірленді.

Алайда әзірленген бас жоспарлар қала маңы аймағының бас жоспарын дайындау аясында аумақты функциональды пайдалану регламенті мен талаптарын анықтайды және елді мекендердің және басқа да аумақтық бірліктердің, аудандардың әкімшілік  аумағын дамытудың қала құрылыстық жобаларын жүзеге асыру мен әзірлеу үшін қызмет етеді.

Қарасу ауылы, Көктерек ауылы, Әли ауылы, Еңбек ауылы, Қайрат ауылы, Жаңа Арна ауылы, Ақши ауылы, Күрті ауылы, Жауғашты ауылы, Комсомол ауылы, Төле би ауылдарында бас жоспар жоқ.

2011жылға бөлінген қаражатқа Боралдай кентіне (өндірістік, қоғамдық, тұрғын аймағы), Өтеген батыр кентіне (қоғамдық, тұрғын аймағы),Н.Тлендиев ауылына нақты жоспарлау жобасы дайындалды, сонымен қатар Н.Тлендиев ауылына бас жоспар бекітілді және Ащыбұлақ ауылдық округінің өндірістік аймағына  НЖЖ әзірленді.

2011 жылы бөліммен өндірістік нысандар, әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандары және жеке тұрғын үй кешендік құрылыстарына  203 жер телімін таңдау және тексеру актісі дайындалып беріліп, Іле ауданы әкімінің қаулысымен бекітілді. 565 пайдалануға қабылдау актілері дайындалып берілді, оның ішінде 479 тұрғын үйге және жаңа жұмысшы орындарын құраған 86 әр түрлі мақсаттағы нысандарға (дүкендер, сауда кешендері, өндірістік базалар, жанар – жағар май құю станциясы және т.б) берілді, 5 нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданды.

Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық сипаттағы маңызды мақсат болып табылатын Қазақстанның  2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі бағыты болып қалады. 2011 жылға жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 42,9 мың шаршы метр құрылыс жүргізілді және пайдалануға қабылданды.

2011 жылы 1073 СЖТ берілді, оның ішінде 815 СЖТ жеке тұрғын үйі құылысына, 168 СЖТ жеке және заңды тұлғаларға әр түрлі нысандар құрылысына, 90 СЖТ конкурсқа қойылған жер телімдеріне берілді.

2007 жылғы 26 ақпандағы № 46 Алматы облысы әкімінің «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін құру» жобасы аясында бөлімде «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық дүйесін толықтыру жұмыстары ұйымдастырылған, аталған бағдарламаның мақсаты аудан аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік нысандары бойынша мәліметтерді енгізу болып табылады.

«Мекен - жай» тіркелімі ақпараттық жүйесін енгізуде ауылдық және кенттік округері әкімдіктерімен жылжымайтын мүліктің меншік иесі және тіркеу туралы мәліметтер, пәтер саны, қабат саны, ғимарат саны туралы мәліметтерді жинау бойынша бірлесе отыра жұмыстар жүргізілді. Іле ауданы әкімдігінде құрылған  онамастикалық комиссиясымен жылжымайтын мүлік орталығы есебіне сәйкес ИС АР және ГБД РН мүлік нысандары бойынша жберілген айырмашылықтарды түзету бойынша жұмыстар бөліммен және мекен – жай тіркеліміне енгізілген геонимдерді түзету бойынша жұмыстар қалыптастырылды, сонымен қатар елді мекендердің көшелерінің атауларын түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспарланған жұмыс көлемі 2011 жылы толық түрде аяқталды.

Іле ауданы аумағында Кіші Алматы, Үлкен Алматы, Іле, Қаскелен, Ақсай, Есентай өзендері орналасқан, олар «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары жөніндегі Комитеті Балқаш – Алакөл бассейндік су шаруашылығы» ММекемесінің құзіретіне жатады.

Су нысандарын тексеру барысында су қорғау аймағы мен жолағындағы аумақты пайдалануда бірқатар  кемшіліктер анықталды, сол туралы бөлім арқылы «Балқаш – Алакөл бассейндік су шаруашылығы» мемлекеттік мекемесімен құрылысты келісім туралы ескерту хаттары берілді.

2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес Алматы облысы әкімдігімен 2011 жылы 14 қарашада № 243 «Жарнаманың кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды, аталған қаулыны орындау барысында «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММекемесіне елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат беру туралы міндетті жүктеді. Осыған орай бөлімде өз бетінше сыртқы жарнама нсыандарын орналастырғандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алайда өз бетінше жарнама нысандарын орналастырған тұлғаларды жауапкершілікке тарту  құзіреті бөлімде болмағандықтан, жарнама нысандарын жол бойы жолағында орналастыру жағдайлары жиілеп кетті, сол себепті жолдардың транспорттық пайдалану сапасы төендеп кетті және жол бойында апаттық жағдайларды тудырып отыр.

Нысандардың сыртқы келбетіне келетін болсақ, бөлімде жіберілген кемшіліктерді түзету туралы ескерту хаттары жиі таратылып отырады, көп жағдайда ескерту хаттары орындалмай қалады. Осыған байланысты сәулет бөлімі  жылжымайын мүлік нысандарының жалға алушыларын, не болмаса меншік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құзіреті жоқ,сол себепті қолданған шаралар тиімсіз болып  қалады.

Алматы қаласының Іле ауданына жақын орналасқанына байланысты басқа елдің халқы есебінен біздің ауданда тұру үшін көшіп келушілер саны ұлғаюда. Жеке тұрғын үйі құрылысына жер телімдерін алуға ауылдық, кенттік округтері әкімдіктерінде  кезекте 15 мыңнан аса адам тіркелген. Сақталынған жер телімдері толық түрде бөлінді, қазіргі уақытта сол жер телімдерін игеру бойынша жерлерді реттеу және бөлінген жер телімдерін игеру бойынша шараларды қолдану үшін жер пайдаланушыларға ескерту хаттарын тарату жұмыстары талап етіліп отыр.

Іле ауданы 7-9 баллды сейсмикалық аймақта орналасқан, осыған байланысты барлық елді мекендердің топографиялық және инженердік – геологиялық зерттеуін жаңарту қажет және кішіаудандық сейсмикалық жүйені немесе картаны орындау міндеті түрде.Ауданда жеке тұрғын үй құрылысы сапасын қатал түрде бақылау қажет.Көп құрылыс жүргізушілер жеке тұрғын үйі құрылысын жүргізу үшін қолдан жасалған маериалдарды (саман, күлдіблок) пайдаланады, бұл тұрғын үйлердің сапасын және сыртқы келбетін төмендетеді.

Бөліммен «Геосәулет» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен тұрғызылып жатқан аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізілді, тексеру барысында әр түрлі мақсаттағы өз бетінше тұрғызылған нысандар анықталды. Сәулет құрылысы нормаларын бұзғаны үшін сәулет және қала құрылысы бөлімімен жиналған 53 материалдар «Алматы облысы сәулет қала құрылысын мемлекеттік бақылау басқармасы» ММ және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Агенттігі өңіраралық жер инспекциясына әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін жолданды.

2011 жыл бойы қала құрылысы процесінде нормативтік құқықтық жағынан көптеген өзгерістер болды, заң актілеріне енгізілген түзетулер қала құрылыс құжаттарын рәсімдеу талаптарын өзгертті, демек бөлімде жүргізілетін іс жүргізуде жаңа өзгерістер талап етілуде.