БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
БӨЛІМНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ  
 

Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі
мемлекеттік мекеменің
ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ережелер

1. «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме (осыдан әрі қарай Бөлім деп аталады) заңды тұлға мәртебесін иеленген Іле ауданы Әкім Аппаратының_______ж. шыққан №______қаулысына сәйкес құрылып өзінің құзыреттер шеңберінде заңнамаға сай арнаулы атқару және тексеру-бақылау міндеттері мен ссәулет және қала құрылысы қызмет саласындағы басшылық етуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Бөлім өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 16 қаңтардағы № 142 Заңын, басқа да Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының шешімдері мен қаулыларын, Іле ауданы Әкімі Аппаратының шешімдері мен жарлықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Мемлекеттің атынан Бөлімнің құрылтайшысы – «Іле ауданы Әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады (осыдан әрі қарай Өкілетті орган деп аталады).
4.Бөлімнің толық атауы:
- қазақ тілінде: «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел архитектуры и градостроительства Илийского района».
5. Бөлімнің қысқаша атауы; қазақ тілінде: «Іле ауданының сәулет және қала кұрылысы бөлімі» ММ;
- орыс тілінде ГУ «Отдел архитектуры и градостроительства Илийского района».
6.Бөлімнің орналасқан жері (мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Ленин көшесі, 8 үй.
7.Бөлімнің жұмыс істеу мерзімі шектеусіз.
8.Меншіктену нысаны - мемлекеттік.

2. Заңды мәртебесі

9.Бөлім мемлекетік тіркеуден өткен сәтінен бастап занды тұлға құқығына ие болады.
10. Бөлімнің өзінің дербес балансы (сметасы), банкілік есеп - шоттары, аз атауы мемлекетгік және орыс тілдерде жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы көрсетілген мәрі мен таңбалары, басқа да реквизиттері бар.
11.Бөлім, белгіленген бір тәртіпте мемлекеттік меншікке ие болу, пайдалану, билік жүргізу құқығы берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болуға және оларды құруға құқығы жоқ.
12.Бөлім меншік иесінен оралымды басқару құқығы мен басқа заттық құқығында иелікке алған мүлкіне ие болады және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.
13. Бөлім өзінің міндеттемелері бойынша оның билеуінде жататын ақшамен жауап береді.
Бөлімнің ақша-қаражаттар жетіспеушілігі жағдай болса оның міндеттемелері бойынша үйлесімділікті әкімшілік-аумақтық бөлініс жауап береді. Келісімдік міндеттемелер бойынша жауапкершілік Бөлімнің күтуіне бекітілген смета шегінде зандарға сәйкес пайда болады.



3. Бөлімнің құқыктары мен міндеттері

14. Бөлім өзінің жарғылық мақсаттарына жету үшін:
- зандарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тертіппен тіркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
- оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
- мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
- филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
- қауымдастықтар мен одақтарға кіруге, сондай-ақ олардың қызметіне қатысуға;
- ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
- сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқыктарды жүзеге асыруға құқығы бар
15.БӨЛІМ:
- Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
- белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
- Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.
16.Бөліммен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен тіркеуге өткізіледі.


4. Бөлім қызметінің мақсаты, негізгі міндеттері және тақырыбы .

Сәулеттік және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; қала құрылысы саясатын жүргізеді, елді мекендердің сәулеттік бейнесін жақсарту және елді мекендердің тіршілік әрекет ортасын жетілдіру және аумақты кешенді әлеуметтік- экономикалық дамыту, тарихи, қалақұрылыстық және сәулеттік мұраларды шешуге бағытталған ағымдағы және келешектегі міндеттерді, қалақұрылыстық іс-шараларды жүзеге асырады ;
- елді мекендердің бас жобаларының іске асырылуын бақылауды, елді мекендер мен қалаларда жерді тиімді пайдалануды, аумақты пайдалануда ерекше қалақұрылыстық реттеу тәртібімен, елді мекендер және қалалар құрылысын жобалау ережесі мен нормаларын сақтауды жүзеге асырады;
- Азаматтардың мүддесі мен қоғамның сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыс қызметін жүзеге асыруда тіршілік әрекеті мен мекендеу ортасының экологиялық қауіпсіздігін және қолайлылығын, тұтынушылардың жобалау және құрылыс өнімдері құқығын қорғауын қамтамасыз етеді, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Халықтың толыққанды тіршілік ортасы мен тіршілік әрекетін қалыптастыру, қалақұрылысын игеру, дамыту және құрылыс салу кезінде елді мекендер мен ауыл аралық аумақтар және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
- Сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыс заттарымен тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін
- сақтауды қамтамасыз ету; әлеуметтік, өндірістік және инженерлік, көлік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту; Салаға жекешелендіруді енгізу үшін және оны тиімді пайдалану үшін жағдай жасау; Жобалау және құрылыс өнімінің ішкі нарқын қорғау, отандық жоба және құрылыс өнімдері
- бәсекелестігін және сапаны жоғарылатуға ынталандыру; Сәулет және қалақұрылысы қызметі саласында шоғырландыру процесін терендету болып табылады.
-
5.Бөлімнің қызметі

Жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім белгіленген заңды тәртіппен төмендегі қызметтерді жүзеге асырады :
Сәулет және қалақұрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді;
Іле ауданы аумағында сәулет, қалақұрылыс және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлейді;
Елді мекендерде бағалы сәулеттік-қалақұрылыстық мұраларды сақтау есебімен ауыларалық аумақтарды тұрақты дамыту және игеру бағытындағы басымдық бойынша мемлекетгік бағдарламаны эзірлеу, архитектура және қалақұрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамыту;
Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуге және келісуге қатысу;
жеке тұрғын ұй кұрылысы аумағында инженерлік инфрақұрылым объектілерін эксплуатацияға алу, құрылыспен қамту және ұйымдастыру, тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды бақылау және рұқсат беру;
занды және жеке тұлғалар шағымдары мен өтініштері бойынша шешім және жауап дайындау және қарастыру;
бөлімнің жұмыс жоспары және бағдарламасы бойынша бөлім бастығының тапсырмасын орындайды, аудандық сәулеттен апатты және ескірген тұрғын ұйлер жөнінде ақпарат жинау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
- ҚР заңды актілеріне сәйкес, облысымыздың сеисмикалық қауіпті аумағында, сейсмикалық мықты тұрғын үйлерді қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады;
Халықпен және заңды тұлғалармен бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша ақпаратты- ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
Алматы облысы әкімиятымен бекітілгеннен басқа аумақаралық, мемлекеттік маңыздағы объектілер бойынша қалақұрылысы, сәулеттік - құрылыс және басқа да жобалық қарастырады;
Аудан деңгейіндегі мемлекеттік қалақұрылысты кадастрді жүргізеді және ұйымдастырылады, мемлекеттік қалақұрылыстық кадастр қызметін үйлестіреді және мемлекетік нормативтермен қамтамасыз етеді;
Сәулет және қалақұрылысы саласында Іле ауданын дамытудың әлеуметтік – экономикалық болжамын әзірлеу және талдау жасау;
Зақымданған құрылыстарды бұзу немесе қалпына келтіруде төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөнінде кешенді іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Аудандық жоспарлау жобасын және сызбасын, бас жоспарлар мен жоспарлау жобаларын және ауылды елді мекендер құрылысын, Іле ауданы аумағында құрылыс үшін тұрғын үй және өндірістік маңыздағы құрылымдар мен өнеркәсіптік және реакриациондық зонадағы үйлер жобаларын қарастыру және аудан Әкімі аппаратына бекітуге тапсыру.
Кұрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, күрделі жөндеу, елді мекендер мен аумақты көркейту және көгалдандыру мәселесін реттейтін жоспарлау ережесі мен құрылыстың басқа да кұжаттарын әзірлеу, құрылысты жобалау және норманы жетілдіру жөнінде ұсынысты әзірлеу;
ҚР заңына сәйкес жобалау жоспарлау құжаты негізінде жерді пайдалану жөнінде аудан Әкімі аппаратының ұсынысын әзірлеу;
Бекітілген жоба құжаттары негізінде құрылыстың барлық түрі үшін жер учаскелерін бөлу жөнінде ұсынысты қарастыру және келісімді дайындау;
Жер учаскесін бөлу жер комитетімен бірге жүзеге асырылады;
құрылыс объектісін жобалауға архитектуралық- жобалар міндетін құрылысшыға және тапсырыс берушіге беру және әзірлеу, аумақты көркейту және ғимаратты жаңалау, күрделі жөндеу, кешенді қайта жаңартуды өткізу;
Жобалау кұжатының сапасына және жобаға мемлекеттік сараптаманың бірыңғай жүйесін басшылыққа алуды бақылауды жүзеге асыру;
Ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобасына және аудандық мәслихатпен бекітілген басқа да қалақұрылыстық құжаттарға қалақұрылыстық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
ПСД дайындау жөніндегі тендерге материалдар дайындау, жобалау-іздеу жұмыстарының құнын және дайындалуына бақылау қызметін толық көлемде, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудың күнтізбелік кестесін орындауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құрылысы рұқсатымен жеке жобалар дайындауға тапсырыс рәсімдейді;
Жобалар мен сметаларды сараптауға келісім жүргізеді, оларды тиісті органдарға бекітуге жібереді;
Конструктивті жобаға мердігерлердің өзгеріс енгізуіне келіседі, ол құрылым мен ғимараттардың эксплуатациялық сапасына және мықтылығына әсер етпейді және қабылданған шешім жобасы принциптерін бұзбайды, жобалауды жүргізуші ұйым барлық өзгерістер туралы хабарлайды;
Авторлық бақылауды жүзеге асыруға жобалау ұйымымен келісім-шартқа отырады;
жер учаскесін өлшеу туралы актілер ұсынысымен құрылысқа құқылы;
Жалпы пайдалану орындарында және темір жол мен тас жолдарында, сондай-ақ жол қабаттарын ашу жұмыстарын өндіруге құқылы;
Құрылыс алаңдарында орналасқан жер астынан өтетін коммуникация орындарын ашу ( кабель, су құбыры, канализация және басқалар )
Орындалған құрылыс-құрастыру жұмыстарын белгіленғен мерзімде қабылдау және эксплуатацияға қабылдау актісін талапқа сай рәсімдеу;
Жобаның авторымен, мемлекеттік сәулет құрылыс - бақылау органымен, мемлекеттік сан.инспекциямен, өрт қорғау инспекциясымен ұйымдарымен жарлықтарды және авторлық бақылау және басқа да органдармен техникалық байланысты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы зандылығына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттер жүзеге асырылады;

6.Бөлімнің құқығы

Бөлім өз қызметін және негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін белгіленген заң тәртібінде құқығы бар:
Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында өз құзырлығы шегінде нормативтік-құқықтық актілер Бөлімнің құрылу және қызметінің мақсаты Іле ауданы аймағында заңнамаға сәйкес арнаулы атқару мен тексеру-бақылау міндеттерді және сәулет пен қала құрылысы қызметі саласында басшылық етуді жүзеге асыру болып табылады. Бөлімнің негізгі мақсаттары:
- сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
аймақты және елді мекендерді, құрылыс кешендерді, инфрақұрылымын әлеуметтік- экономикалық дамытуға бағытталған сәулет пен қала құрылыстық және басқа да бағдарламаларын іске асыру;
- құрылыс салуға рұқсат қағаздарын дайындау және беру және ұй кұрылысын жүзеге асырылуына тексеріс жүргізу; :
- Іле аудандық Әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы қызметі мен қаулыларын дайындау;
- халықтың тұрғын және тұрмыс қалпының сапалы ортаны кұру, қала құрылысын іске асыратын кезде, дамыған және құрылыс салған кезде табиғи қорларын, елді арасындағы жерлер аумағын тиімді пайдалану;
- табиғи және мәдени мұралар ескерткіштерін сәулетгік және қала сақтандыруды қамтамасыз ету;
- әлеуметгік, өндірістік, инженерлік, көліктік және үзілістік инфрақұрылымды дамыту;
- ауданның құрылыс кешенін дамыту бойынша тиімді инвестициялық бағдарламаларын жете зерттеу және енгізуіне бақылауды жүзеге асыру, осы салаға инвестициялар тарту үшін ынталандыру жағдай жасау;
- аудан аймағында инфрақұрылымды дамуын зерттеу, талдау, болжамдау және жөнге салу;
- жобалық өніледердің ішкі нарығын қорғау, отанымыздағы жобалық өнімдерінің сапасын және бәсеке қабілетін жоғарылататың жағдайлар жасау;
- сәулет, қала құрылысы қызметтер саласындагы интеграциялық жұмысын терендету.

7. Бөлімнің мүлкі және каржы-қаражаттары

18. Бөлімнің мүлкі, оған мемлекет берген мүлкінен және басқа да заңмен тыйым салынбаған көздерінен құралады, мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып табылады. .
19. Бөлімнің мүлкі негізгі қорлар және айналым қаражатынан құралады, сондай-ақ бағасы, көлемі Бөлімнін дербес баланста көрсетіледі. Бөлімнің мүлкі құрамына оның қызмет мақсатына қажетті барлық мүлк түрлері, ғимараттар, кешендер, құрал-жабдықтар, керек-жарақтар, көліктер, жер учаскесіне құқығы кіреді.
20. Бөліммен, өз қызметігін мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүлктің мақсатына сәйкес меншік иесінен иелікке алынган мүлкіне оралымды басқару құқығында жатады. Бөлім заңмен белгіленген шекте және тәртіпте сол мүлкті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын меншік иесінің рұқсатымен жүзеге асырады.
21. Бөлімде оган бекітіліп берілген мүлкті және оған смета бойынша бөлінген қаражаттар есебінен сатып алынган мүлкті өз бетімен, мемлекеттік басқару органның келісімінсіз, иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге, негізгі қорларға кіретін мүлкті сатып алуға және банкілік несиелермен пайдалануға құқығы жоқ.
Бюджетік қаржы-қаражаттарды жұмсау тәртібін мемлекеттік басқару органы белгілейді. Бюджеттен тыс қызмет асырудан тұскен шығындар мен табыстар сметасы мемлекеттік басқару органымен қарастырылады және Өкілетті ұйыммен бекітіледі.
22. Бөлімнің қаржыландыруы мемлекеттік бюджет қаржысынан, республика зандарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздерінен құралады.
23. Бөлімнің заттық-техникалық қамсыздандыруы республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары мен заңда белгіленген басқа да көздері есебінен іске асырылады.
24. Құрылтайшы Бөлімге берілген мүлкке меншіктену; құқығын сақтай отырып, құру, оның қызметінің мөні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, Бөлімнің заң жұзівдегі тағдырын, оның кызметінін мазмұнын белгілеуге құқылы.
25. Бөлімге бекітіліп берілген мүлктің меншіктенушісі, ол мүлкті қайтарып алуға, не өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауымен қайта бөліп беруге құқылы.
26. Бөлімнің мүлкіне меншіктену құқығы басқа тұлғалармен иелікке алыну немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген кезенде және тортібі бойынша ауысу мұмкін. Осы жағдайда Бөлім өзіне тиесілі мүлкке оралымды билік жүргізу құқығын сақтап қалады.

8. Басқару органдары

27. Бөлімнің Өкілетті орғанының құзыретіне мынадай мәселелер жатқызылады:
1) Бөлімнің атауын өзгерту, сонымен бірге Бөлімнің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықгырулар еңгізу;
2) Бөлім қызметінің басым бағыттарын айқындау;
3) Бөлімнің басқару органдарының құрылу тәртібін, кұзыретін, ұйымдастыру құрылымын және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібін белгілеу;
4) аткарушы органдарының каржы есеп беру тәртібін және мерзімін, және де тексеруші органымен тексерулер жүргізу тәртібін белгілеу және олардың нәтижелерін бекіту;
5) Бөлімді еркін кайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім кдбылдау, тарату балансы бекіту;
6) Занды актілерінде анықталған шегінде Бөлім басқа занды тұлғаларды кұруына немесе олардың Ідызметіне катысу туралы, сондай-ақ Бөлімнің филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім шығару;
7) қызметінің қорьпындысы бойынша түскен түсімдер мен табыстарды пайдалану жөнінде шешім кабылдау;
8) Бөлімнің тексеру комиссиясын тағайындау (немесе тексерушіні сайлау);
9) Бөлім қызметінің бағдарламаларын бекіту;
10) Бөлім басшысының есептерін бекіту;
11) Штаттық кестесін және лауазымдық ақыларды, еңбек туралы заң жиынтығына сәйкес Бөлім жұмысшыларына ақы төлеу түрі мен мөлшерін бекіту;
12) Бөлімнің мүлкі мен қаржыларын билік жүргізу;
- Бөлімнің қорларын құру және оларды пайдалану туралы ережелерді және басқа да ішкі кұжаттарды бекіту.
29.Бөлім 3 (үш) адамнан құралады: Бөлім бастығы-бас сәулетші және 2 мамандары. Бөлімнің әр қызметкердің міндеті мен құзыреті лауазымдық нұсқауда бекітіледі.
Бөлімнің бастығы-бас сәулетші Өкілетті органымен қызметке тағайындалады және жұмыстан босатылады.
30. Бөлімнің бастығы-бас сәулетші:
- Бөлімнің кызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
Бөлімнің атынан сенімхатсыз іс жүргізеді, оның мүдделерін бүкіл органдары мен ұйымдарда білдіреді;
- заңмен белгіленген шегімен Бөлімнің мүлкін пайдаланады;
- шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
- банкілік есеп-шоттар ашады және түрлі мәмілелер жасайды;
- бұйрықтар шығарады және барлық жұмысшыларға міндетті түрдегі нұсқаулар береді;
- құжаттарға біріншіден қол қою құқығына ие;
- өз құзыреті шегімен және еңбек туралы зандарына сәйкес, мемлекеттік басқару органымен қызметке тағайындалған адамдарды қоспағанда, жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және босатуды жүзеге асырады;
Бөлімнің қызметкерлеріне, олардың жұмысы жоғары нөтижелері үшін мадақтау шараларын қолданады, оларға белгіленген тәртіпте жазалар береді;
- құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке бекітеді;
- негізгі қызмет түрлері бойынша жоспарлар дайындалуын басқарады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;
- жалақы қорды қоспағанда, бекітілген бюджеттж және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығындардың сметасы шегімен шығындарды бекітеді және құрылтайшының келісімімен бүкіл баптар бойынша бөліп таратады;
- статистикалық, бухгалтерлік және басқа есептерді белгіленген тәртіп бойынша тапсыруды қамтамасыз етеді.
31. Бөлім бастығы-бас ссәулетші қолданылатын зандардың шегінде басқа да міндетті істерді атқарады, өз өкілеітілігінің бір бөлігін атқаруды басқа басқарушы жұмысшыларына тапсыруға құқылы.
32. Бөлім бастығы-бас сәулетші Бөлімнің мүдделерін сыртқы ұйымдарда қолданылаоын зандарға және осы Ережеге сәйкес білдіреді.
33. Бөлім бастығы-бас сәулетші Өкілетті органның алдында Бөлімдегі жұмыс жағдайлары бойынша дербес жауап береді. Сәулеттік -қалақұрылыс қызметін жүзеге асыру үшін аудан аумағында ҚҚБ бастығы жанынан жеке балансы, жарғысы, есеп шоты және лицензиясы бар архитектуралық-қалақұрылысы, жобалау қызметін жүргіуге шаруашылық есепті АПБ құруға болады.
9. Есепке алу және есеп беру

34. Қаржы-шаруашылық қызметін сараптау және мемлекеттік бақылау жасау үшін, Бөлім ез өрекетінің нәтижелерін есепке алуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген тәртіп бойынша қаржылық және статистикалық есеп жүргізеді.
35. Бөлім қызметінің қаржылық нөтижелері жылдық қаржылық есептердің негізінде белгіленеді.
36. Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, Өкілетті органы және осындай өкілеттікке ие басқа да мемлекеттік органдар жүргізеді.

10. Еңбектік қарым-қатынастар

37. Бөлім өкімшілігі мен қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңымен белгілеген тәртіпте еңбек келісімімен анықталады.
38. Бөлім оз бетінше Бөлімнің кадр құрылымын құрады. Бөлім қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері қолданылатын зандарға сәйкес Бөлімнің ішкі тәртіп ережесімен немесе лауазымды нұсқаулармен белгіленеді.
39. Бөлімнің еңбекақы қорын Өкілетті орган шығындар сметасына сәйкес жыл сайын белгілеиді. Штат кестесі, еңбекақы төлеу түрі бірыңғай тарифтік сеткаға орай жоне еңбекақы төлеу Қоры шегіндегі басқа да еңбекақы телеу жағдайына сәйкес белгіленеді.
40. Бөлімдегі жұмыс тортібі қолданатын зандары көздеген кепілдерің сақтай Бөліммен белгіленеді.
11. Бөлімнің кызметін тоқтату

41. Бөлімнің қызметін тоқтатуы қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу немесе тарату жолымен қолданыстағы заңнамаларға сай жүзеге асырылады.
42. Қайта ұйымдастырылу кезеңінде Бөлімнің мүлкі, құқығы мен міндеті құрылтайшы анықтаған тәртіппен оның құқығын мирасқорына (мирасқорларына) өтеді.
43. Таратылған Бөлімнің несие берушілерінің занды талаптарын қанағаттандырғаннан қалған қаржылар мен мүлік құрылтайшымен бөлінеді.
44. Занды тұлғаларды мемлекеттік регистріне жазу енгізілген і таратылуы аяқталған, ал Бөлім өзінің қызметін тоқтатқан болып саі-
45. Тарату жұмысы біткенен кейін Бөлімнің, оны құрған және ол қызмет жүргізген укздк енгізілген мүлік құрылтайшыға қайтарып беріледі.

12. Ережеге өзгерістер мен толықгырулар енгізу тәртібі

46. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік басқару органымен енгізіледі және осы Ережеде козделген тортіпте бекітілуге тиіс.
47. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар занда белгіленген тәртіпте заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсынылу керек.