БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет  
 

1. Жалпы мәлімет
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Іле ауданы аумағындағы сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 1-462 Іле ауданы әкімі қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлғасы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
«Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі және 3 адамнан құралған, бөлім басшысы Каипов Рауан Талгатович, екі бас маман Ахметжан Жалғас Ержұмашұлы, Амантаева Мадина Алибекқызы.
Заңды тұлғаның орналасқан жері. Бөлімнің заңды мекен жайы : Индекс: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Қуат ықшамауданы, Қапал батыр көшесі, 2 үй.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бөлімді құрудағы мақсат сәулеттік және қала құрылысы қызметі саласындағы заңға сәйкес негізгі атқарушы функцияларды жүзеге асырады.
Негізгі міндеті:
- Сәулеттік және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- қала құрылысы саясатын жүргізеді,елді мекендердің және аумақты кешенді әлеуметтік – экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектегі міндеттерді шешуге бағытталған сәулеттік шараларды жүзеге асырады;
- елді мекендердің бас жсопраларының іске асырылуын бақылайды, елді мекендер мен қалаларда жерді тиімді пайдалануды, аумақты пайдалануда ерекше қала құрылыстық реттеу тәртібімен, елді мекендер мен қалалар құрылысын жобалау ережесі мен нормаларын сақтауды жүзеге асырады;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруда азаматтардың мүддесі мен қоғамның тіршілік әрекеті мен мекендеу ортасының экологиялық қауіпсіздігін және қолайлылығын қамтамасыз етеді, тұтынушылардың жобалау және құрылыс өнімдері құқығын қорғайды;
- халықтың толыққанды тіршілік ортасы мен тіршілік әрекетін қалыптастыру, қала құрылысын игеру, дамыту және құрылыс салу кезінде елді мекендер мен ауыл аралық аумақтар және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланады;
- әлеуметтік, өндірістік және инженерлік, көлік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытады;
- елді мекендердің құрылысының сәулеттік келбетін жақсартады және тіршілік ортасын қалыптастырады, сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыс затарымен тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Бөлімнің функциялары:
- сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- бағалы сәулеттік – қала құрылыстық мұраларды сақтау есебімен елді мекендердегі ауыларалық аумақтарда тұрақты дамытуыд игеру бағытындағы басымдық бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлейді, сәулет және қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытады ;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселесі бойынша нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады ;
- заңды және жеке тұлғалар шағымдары мен өтініштері бойынша шешім және жауап дайындауды қарастырады;
- халықпен және заңды тұлғалармен бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша ақпаратты – ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
- Алматы облысы әкімдігімен бекітілгеннен басқа аумақаралық, мемлекеттік маңыздағы нысандар бойынша қала құрылысы, сәулеттік – құрылыс және басқа да жобалық құжаттарды бекітеді;
- аудан деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылыстық кдастрды жүргізеді және ұйымдастырады, мемлекеттік қала құрылысы кадастр қызметін үйлестіреді және мемлекеттік нормативтерді қамтамасыз етеді;
- сәулет және қала құрылысы саласында Іле ауданының әлеуметтік – экономикалық болжамын әзірлейді және талдау жасайды;
- зақымданған құрылыстарды бұзу немесе қалпына келтіруде төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөнінде кешенді іс – шараларды әзірлеуге қатысады;
- аудандық жоспарлау жобасын және сызбасын, бас жоспарлар мен жоспарлау жобаларын және өндірістік маңыздағы құрылымдар мен өнеркәсіптік және реакриацондық аймақтағы үйлер жобаларын қарастырады және аудан әкімі аппаратына бекітуге тапсырады;
- құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, күрделі жөндеу, елді мекендер мен аумақты көркейту және көгалдандыру мәселесін реттейтін жоспарлау ережесі мен құрылыстың басқа да құжаттарын әзірлейді, құрылысты жобалау және норманы жетілдіру жөнінде ұсынысты әзірлейді;
- апатты және көне тұрғын үйлер бойынша мәліметті есепке алу және жинақтау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
- Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сейсмикалық қауіпті өңірлерде тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктілігін сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жобалау жоспарлау құжаты негізінде жерді пайдалану жөнінде аудан әкімі аппаратына ұсыныс әзірлейді;
- қала құрылысы қызметіне қарама – қайшы емес құрылыстың барлық түрі үшін жер телімдерін бөлу жөнінде ұсынысты қарастырады және келісімді дайындайды;
- құрылыс нысандарын жобалауға сәулеттік – жоспарлау тапсырмасын әзірлейді және береді, аумақты абаттандыру және ғимаратты қайта қалпына келтіру,күрделі жөндеу, кешендік қайта жоспарлауды жүргізеді;
- ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобасына және аудандық мәслихатпен бекітілген басқа да қала құрылыстық құжаттарға сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
- жобалар мен сметаларға келісім жүргізеді, қажетінше оларды тиісті органдарға бекітуге жібереді;
- тапсырыс берушімен конструктивті жобаға өзгеріс енгізуіне келіседі, ол құрылым мен ғимараттардың эксплуатациялық сапасына және мықтылығына әсер етпейді және қабылданған шешім жобасы принциптерін бұзбайды, жобалауды жүргізуші ұйым барлық өзгерістер туралы хабарлайды;
- Қазақстан Республикасы заңына сәйкес пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеумен белгіленген мерзіммен орындалған құрылыс – монтаждық жұмыстарына қабылдау жүргізеді;
- Іле ауданы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік мекен – жайын анықтау бойынша анықтама береді және ұйымдастырады;
- дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мәдени ғимараттардағы (салулардағы) ғимаратты қайта кескіндеу, мәдени ғимарат құрылысына шешім жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады;