БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы мәлімет

 
 
Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2015 жыл бойынша жүргізілген
 жұмыстар туралы ЕСЕБІ және 2016 жылға қойылған міндеттер
 
 

Қала құрылысы құжаттармен қамтамасыз ету

           

Сәулет, қалақұрылысы қызметі саласындағы негізгі құжат 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II «ҚР –ның  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы» болып табылады, ал Заңның бас талабы және «ауданның бас сәулетшісі туралы ережесі» елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету.

            Осы Заңды жүзеге асыру аясында 2008 – 2015 жылдар аралығында Алматы облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасымен Іле ауданының елді мекендерінің бас жоспарлары әзірленді және бекітілді. 

Барлығы 31 елді мекеннен, оның ішінде:  17 елді мекенге – бас жоспарлар,  9 елді мекенге  (Жаңа Арна, Құйған, Комсомол, Қосөзен, Тлендиев, Ақши, Әли, Жауғашты, Төле би)  - бас жоспарлармен бірлесе орындалған нақты жоспарлау жобалары, сонымен қатар Өтеген батыр кентінің қоғамдық аймағына, оның ішінде Қарасу ауылын қоса отыра, М.Түймебаев ауылының өндірістік аймағының бір бөлігіне, Боралдай кентінің қоғамдық және өндірістік аймағына, Жаңа Талап ауылының тұрғын және қоғамдық аймағына, Междуреченск ауылының Шабыт ықшамауданына нақты жоспарлау жобалары бекітілді.

Қалған 2 елді мекенге (Көктерек, Еңбек) елді мекендерді дамытудың оңтайландырылған сызбалары әзірленді;

 Қайрат станциясының аумақтық қарастылығы Талғар ауданына жататындықтан, Күрті ауылының тұрғындарын аз болуына байланысты, аталған елді мекендерге қала құрылысы құжаттарын әзірлеу қажеттілігі жоқ. 

Қазіргі уақытта Покровка ауылының өндірістік аймағына және Өтеген батыр кентінің қалған бөлігіне (өндірістік аймақ, «Манас», «Тростинка», «Энергетический», «Урожай»),  Боралдай кенті, Жаңадәуір, М.Түймебаев, Байсерке ауылдарына егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары және Жәпек батыр ауылына бас жоспармен бірлескен егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы және Алматы – Өскемен жол бойы ауданында орналасқан аумақта егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалды.

       Аталған қала құрылысы құжаттары осы жылдың ақпан айында Іле ауданының мәслихатына бекітуге ұсынылады.

         Іле ауданының қалған 8 елді мекенін (Жетіген, Қараой, Чапай, Екпенді, Қоянқұс, Ынтымақ, Көкқайнар, Казцик) егжей – тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету мақсатында және құрылысты реттеу мақсатында басқа да елді мекендердің бас жсопарларына түзету енгізу қажеттілігіне байланысты, ауданның сәулет бөлімімен 2016 жылға оларды жоспарлау  жұмысына қосу туралы Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсыныс берілді.


Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу

Алматы облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысын құру мақсатында Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша «ГРАДО» Жобалау фирмасы» мекемесі ауданның сәулет бөлімімен қазіргі уақытта Өтеген батыр кенті бойынша қажетті мәліметтерді жинақтаумен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта мәліметтер базасына 50 пайыздан аса ақпарат (жер телімін таңдау актілері, жобалар, құқықтанушы құжатар, топографиялық түірілімдер, қабылдау актілері) енгізілді.


«Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысымен бекітілген 2005 - 2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы «Электрондық Үкімет» мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыруды орындауда және  Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 95 «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы» қаулысы негізінде  бөлімде «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыру бойынша шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтырумен  «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, онамастикалық комиссия бөлімі және Алматы облысы жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы жұмыс істейді. Әрбір бөлім өз саласындағы мәліметтер базасын толықтырумен айналысады.

          Қазіргі уақытта сәулет бөлімі «Жылжымайтын мүлік орталығы» Іле аудандық филиалымен «Мекен – жай тіркелімі» АЖ (ақпараттық жүйесіне) енгізілген бірінші және екінші объектілер санын салыстыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Мемлекеттік қызмет көрсету

2013 жылғы 20 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес бөлім мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде көтеруге жұмыс жасауда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өтініш берушілерді ақпараттандырады,  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін және қадағалау мақсатында аудан әкімі аппаратына ақпараттар беруді қамтамасыз етті.

         Бөлім 3 мемлекеттік қызметін жүзеге асырады:

1. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне анықтама беру;

2. Сәулеттік жоспарлау тапсырмасын беру;

3. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;

Сараптама бойынша, 2015 жылы заңды және жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайын анықтау бойынша 7229 анықтама, 57 сәулеттік – жоспарлау тапсырмасы, оның ішінде 17 СЖТ мемлекеттік бағдарлама бойынша (фельдшерлік акушерлік пункт, мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне, тіреу пунктері, инженерлік коммуникациялық желілер), ал 40 СЖТ кіші және орта бизнес объектілеріне берілді.


Азаматтардың өтініштерін қарастыру

2015 жылы сәулет және қала құрылысы бөліміне 428 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде 363 өтініш жеке тұлғадан, 65 өтініш заңды тұлғадан, оның ішінде 259 өтінішке түсіндірме берілді, 42 өтініш қанағаттандырылды, 96 өтінішке тиым салынды.

Келіп түскен өтінішердің көп бөлігі жеке тұрғын үйі құрылысы үшін жер телімдерін беру,елді мекен шегінде үй-жайларға, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету үшін жер телімін беру, жер телімінің пайдалану нысанын  өзгерту, жер телімдерін бөлу және сот тәртібімен реттелетін басқа да жер дауы мселелері.

 

 

Тұрғын ұйі құрылысы

          2015 жылы жеке құрылыс жүргізулер есебінен 81 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды және қабылданды, кәсіпкерлер есебінен   35 мың шаршы метр.  

          Тұрғын үйі құрылысын пайдалану өткен жылды 2014 жылмен салыстырғанда 112 пайызға өсті. 2016 жылға тұрғын үйі құрылысын пайдалану 79 мың шаршы метрге жоспарланып отыр..


 «Іле ауданы аумағында тұрғын үйі құрылысы бағдарламасын» орындау

2015 жылға жоспар

2015  ж жоспардың орындалуы

Үйлер

 с аны

2016 жылға жоспар

мың.шаршы метр

млн.

теңге

мың.шаршы метр

млн.

тенге

саны

мың.шаршы метр

64

 

81,5

7 млрд 833 млн тенге

721

79


Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын орындау

Объектінің атауы 

2015 ж

Саны

Ауданы ш.м.

Смет құны

(млн. теңге)

Сауда объектілері 

18

6 153

449 млн

Өндірістік объектілер 

13

27 889

7 млрд 799 млн

Автожөндеу орталығы  

3

742

107 млн

Дәріхана және емдеу мекемелері 

1

65

17 млн

Жазғы алаң

1

81

4 млн

Барлығы:

36

34930

8 млрд 376

 

          Бас жоспарға сәйкес және егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы аясында және «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік жер қорынан Өтеген батыр кентінде жалпы аумағы 2,7 гектар жер телімінде 12 көпқабатты тұрғын үй қарастырылған, оның ішінде;

Құрылысы аяқталған  4 көпқабатты тұрғын үйлер қолдануға берілді(30 пәтерлік, 50 пәтерлік, 50 пәтерлік,64 пәтерлік)

Қазіргі кезде  екі 50 пәтерлік тұрғын үйі құрылысы жүргізіліп жатыр.

 140 орынға арналған ЖК Чаймардановтің  бала бақша құрылысы аяқталынып, пайдалануға берілуге жоспарлануда.

- 60 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйге;

-екі 50 пәтерлік тұрғын үйге бастапқы мәліметтер беріліп, құрылыс жүргізуге жоспарланып отыр;

- екі 60 пәтерлік тұрғын үйлер;

-30 пәтерлік тұрғын үйлер жобалауға жоспарланып отыр.

         Осыған орай, Өтеген батыр кентінің бас жоспарын жүзеге асыруда тұрғын үй саласындағы әлеуметтік мәселені шешуде 83,3 пайызды құрайды.

         Тұрғызылған тұрғын үйлердің барлық саны 2018 жылға дейін 604 пәтерімен 12 көпқабатты тұрғын үйді құрайды.

          Осы жылы Өтеген батыр кентінің Қуат ықшамауданында 1200 орындыққа арналған орта мектеп құрылысы пайдалануға қабылданды, 140 орынға арналған жеке меншік бала бақша құрылысы аяқталып жатыр, 320 орынға арналған бала бақша құрылысына жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Қуат ықшамауданынан «Аудандық мұрағат» құрылысына, «Мәдениет үйі» құрылысына жер телімдері берілді және Қарасу ауылынан аумағы 3 га кәсіби техникалық лицей құрылысына жер телімі алдын – ала (резервке) сақталды..

          Жаңа Әлем шағын ауданында А.Базарбаевтың жеке меншігіндегі жалпы аумағы 2,2 гектар жер телімінде 600 орынға арналған орта мектеп құрылысы жоспарланып отыр.

          Қараой ауылдық округі бойынша

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Тлендиев ауылында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар құрылысы үшін жалпы аумағы 20,0 гектар жер телімі алдын – ала сақталған.. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына 12,8 га, бала бақша құрылысына 1 га, әлеуметтік нысандар құрылысына 1,2 га, тұрғын үйі құрылысына 5 га жер сақталған. Алайда аталған жер теліміне коммуникациялық желілер жүргізілмеген, нақты жоспарлау жобасы әзірленген.

          Междуреченск ауылдық округі бойынша:

Аталған бағдарламасы аясында аумағы 250 гектар жер телімі алдын – ала сақталған, оның ішінде мектеп құрылысы үшін бөлінген жер телімі 4 гектар, бала бақша құрылысына бөлінген жер телімі – 3 га, мешітке -0,1600 га, тұрғын үйге – 242 га, жер телімдеріне инженерлік коммуникациялар жүргізілмеген.

Осы жылы құрылысы аяқталған объектілерге барлығы 787 қабылдау актілері дайындалды, оның ішінде:   721 тұрғын үйлерге, 36 - на әр түрлі маңыздағы объектілерге (дүкендер, сауда кешендері, өндірістік базалар, жанар жағар май құю станциясы), 30 – на мемлекеттік бағдарламар бойынша (фельдшерлік акушерлік пункт, мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне, тіреу пунктері, инженерлік коммуникациялық желілер және т.б).

2014 – 2015 жылдары Іле ауданы бойынша жеке тұрғын үйі құрылысы үшін жалпы аумағы 98,94 гектар 1240 жер телімдері бөлінді, сонымен қатар ҚР Жер Кодексінің 44/1 бабына сәйкес елді мекендердің бас жоспарларының негізінде орындалған нақты жоспарлау жобалары негізінде 2015 жылы кіші бизнес субъектілеріне үй – жайларға, құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 7 жер телімі  берілді.

Сонымен қатар, елді мекен шегінде әр түрлі құрылыстар объектілері үшін жер телімдерін бөлу мәселері елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес орындалған нақты жоспарлау жобалары негізінде қарастырылады және жер телімінің пайдалану нысанын өзгерту ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінде әрдайым бақылауда.

Осыған орай, 2015 жылы жеке тұрғын үйі құрылысын жүргізуден (өзіндік қосалқы шаруашылығын) басқа қызмет түріне 14 жер телімінің пайдалану нысаны өзгертілді. (таблица слайд бойынша)


Инвестициялық жобалар

            ҚР күшейтілген индустриалды – инновациялық мемлекеттік бағдарлама аясында өңіраралық индустриаландыру картасына кіретін инвестициялық жобаларды дамытуда Іле ауданы бойынша 2015 жылы келесі нысандар пайдалануға қабылданды: Ащыбұлақ ауылында орналасқан «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС –ның алюминий профиль өндірісі бойынша зауыты 1 млрд 612  млн 788 мың. тенге инвестиция көлемімен,  "Абди Ибрахим Глобал Фарм"  ЖШС фармацевтикалық зауыты  2 млрд 475 млн 178 мың. тенге инвестиция көлемімен іске пайдалануға қабылданды.


Жол бойы сервисі объектілері

        Ауданның сәулеттік жоспарлау келбетін жақсарту мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімімен тапсырыс берушілермен жер телімдеріне жақын аумақты толық түрде көгалдандыру, жарықтандыру және абаттандырумен қатар әр түрлі маңыздағы объектілер жобаларын келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

        Сонымен қатар облыстық және республикалық жол бойында орналасқан жол бойы сервисі құрылысы объектілерінің құрылысының заңдылығын анықтау бойынша нақты жұмыстар жүргізілді .

        Іле ауданы аумағынан ұзындығы 167,5 км екі республикалық маңыздағы Алматы –Өскемен, Алматы – Астана ( Байсерке – Междуреченск, Байсерке - Караой) көлік жолы және жалпы ұзындығы 158 км қашықтықтағы облыстық маңыздағы көлік жолдары өтеді (Алматы –КазЦИК-Комсомол -26,5 км, Алматы – Туймебаева-Чапаево -32,5 км, Алматы –Жетіген – 30 км, Отеген батыр-Боралдай -24,5 км)

          Алматы –Жетіген трассасы бойында барлығы 149 объектілер орналасқан, оның ішінде: 11 объектіде  құрылыс монтаждық жұмыстар жүргізілуде.

Энергетик ауылдық округі бойынша

        1. Ж.Шолпанбекованың «Гүл сату дүкені» объектісі. Меншік иесіне жобалық сметалық құжаттарды заңға сәйкестендіру туралы ескерту хаты берілді, материалдар Алматы облысының сәулет және қала құрылысын бақылау Департаментіне жолданды..

2. З.Шахмухамбетованың «көлік жуу, кеңсе және асхана» объектісінде құрылысқа жобалық сметалық құжаттары, сәулетттік жоспарлау тапсырмасы жоқ. Сәулет және қала құрылысын қадағалау Басқармасымен берілген ұйғарым негізінде қазіргі кезде құрылыс тоқтап тұр. 

3. Б.Аймагамбетовның «ТЖО орталығы, көліктұрағы, дүкен» объектісі құрылысқа  жобалық- сметалық құжаттарысыз, сәулетттік жоспарлау тапсырмасыз жүргізіліп жатыр. Аталған факт бойынша сәулет бөлімімен ескерту хаты берілді және Сәулет және қала құрылысын қадағалау Басқармасымен құрылысты тоқтату туралы ұйғарымы берілді. Қазіргі уақытта құрылыс тоқтап тұр.

4. М.Катаеваның «Кеңсе, кафе, дүкен, ТЖО, медициналық орталық, шашатараз» объектісі бойынша жобалық сметалық құжаттары толық түрде, құрылысқа рұқсат қағазы бар. Қазіргі уақытта құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде.

5. Р.Орынбекованың «техникалық жөндеу орталығы» объектісі бойынша  жобалық сметалық құжаттары толық түрде, құрылысқа рұқсат қағазы бар.

Байсерке ауылдық округі бойынша (4 объект)

6. Н.Усубоваға тиеселі «Сауда кешені» объектісі бойынша  құрылысқа рұқсат құжаттары және жобалық сметалық құжаттар бар. Қысқы кезеңге байланысты қазіргі кезде құрылыс жұмыстары тоқтап тұр..

7. К.Алиеваның «ТЖО, көлікжуу,дүкен,кафе, дөңгелек жөндеу және аялдама кешені» объектісі  құрылысқа жобалық – сметалық құжаттарсыз және рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатыр. Заң бұзушылықты түзету туралы ескерту хаты берілді және материалдар Алматы облысы бойынша сәулет және қала құрылысын қадағалау Департаментіне жолданды.

8. З.Жанабергенованың «Жанар жағар май құю станциясы және көлікжуу» объектісінде құрылыс жобалық – сметалық құжаттарсыз және рұқсатсыз жүргізіліп жатыр. Меншік иесіне құрылысты тоқтату туралы ескерту хаты берілді. Материалдар Алматы облысының сәулет және қала құрылысын бақылау Департаментіне жолданды.

9. Д.Жабыкеновтің «Өндірістік база» объектісінде құрылыс жобалық – сметалық құжаттарсыз және рұқсатсыз жүргізіліп жатыр.. Материалдар Алматы облысының сәулет және қала құрылысын бақылау Департаментіне жолданды.

Жетіген ауылдық округі бойынша (2 объект)

10. К.Алиевтің «Әмбебап базары» объектісінде құрылысты қайта жаңғырту жұмыстары жобалық – сметалық құжаттарсыз және рұқсатсыз жүргізіліп жатыр.. Материалдар Алматы облысының сәулет және қала құрылысын бақылау Департаментіне жолданды.

11. К.Сеитованың «мебель сату дұкені» объектісінде құрылыс жобалық – сметалық құжаттарсыз және рұқсатсыз жүргізіліп жатыр.. Материалдар Алматы облысының сәулет және қала құрылысын бақылау Департаментіне жолданды.

Алматы – Өскемен трассасы бойында барлығы 16 объектілер орналасқан, оның ішінде: 2 объектіде  құрылыс монтаждық жұмыстар жүргізілуде.

1. «Жанар жағар май құю станциясы» объектісі Байсерке ауылдық округі аумағында орналасқан.  Меншік иесі «Алатау Инвест» ЖШС. Сәулет бөлімімен берулген сәулеттік жоспарлау тапсырмасы бар. Жер телім қоршалған. Рұқсат құжаттары бар.  

2. «Сауда тұрмыстық кешені» объектісі Энергетик ауылдық округі аумағында орналасқан.  Меншік иесі Кинтоп Александр Федорович. Жол бойы сервисі объектісінің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында сәулет бөлімімен екі нұсқада жаңа эскиздік жоба дайындалды, осы жоба  28 қаңтарда өтетін облыстық қалақұрылыстық Кеңес отырысына келісуге жолданады.

Алматы –Өскемен тас жолында орналасқан объектілерді облыстық әкімдіктің комиссиялық тексеру барысында жіберліген кемшіліктерді түзету мақсатында Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімімен келесі жұмыстар жұргізілді.

1. «Ауыр жүк көлігі тұрағы » объектісі Байсерке ауылдық округі аумағында орналасқан. Меншік иесі: «КАзПАК» ЖШС. Жер  телімінің пайдалану нысаны: тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған. Қазіргі уақытта жер телімінің пайдалану нысаны мақсатқа сай емес, жер телімінде арнайы техникалық көлік құралдары орналастырылған. Қазіргі кезде арнайы техниканың бір бөлігі басқа жерге ауыстырылды.

2.  «Даулет Бекет» ЖШС –на тиеселі жер телімі Энергетик ауылдық округі аумағында орналсқан. Жер телімінң пайдалану нысаны шубатхан және қымызхана құрылысын жұргізу мен қызмет көрсетуге арналған.  Қазіргі уақытта тұрғызылған күрделі қоршау алынып тасталды.

3. «Пейнбол ойнау алаңы» объектісі Алматы – Қапшағай көлік жолы Байсерке ауылдық округі аумағында орналасқан.. Меншік иесі: Ким Виктория Тереньтевна. Жер телімінң пайдалану нысаны: қымызхана, көләкжуу, бильярд және қанақүй құрылыс үшін. Қазіргі уақытта ойнау алаңындағы жайлар алынып тасталды және қоршау бұзылып тасталды.

4. Алматы – қапшағай трассасы Батталханов көшесі қиылысында орналасқан А.Қылышбаевқа уақытша берілген жер теліміндегі «қымызхана» объектісі бойынша уақытша құрылыстар бұзылып тасталды.

Республикалық маңыздағы Алматы – Астана көлік жолында 44 объектілер орналасқан, оның ішінде 5 объектіде құрылыс жұмыстары жұргізіліп жатыр. (кесте қоса салынған)

     2015 жылы облыстық қала құрылысы Кеңесі отырысына 2 жоба ұсынылды: оның ішінде «Даму» индустриалдық логистикалық орталығы аумағындағы «WILO» компаниясының «Әкімшілік ғимарат және қойма» объектісі мақұлданды, ал «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолы бойындағы  «Тир паркинг» объектісі бойынша жоба осы жылдың 28 қаңтар айында өтетің қалақұрылысы Кеңес отырысында қайта қарастырылады.  Сонымен қатар, қаңтар айында  «Даму» индустриалдық логистикалық орталығы аумағындағы  «Food town Almaty» ЖШС –ның «Өндірістік логистикалық орталығы» объеітісі жобасы облыстық қалақұрылысы Кеңес отырысында қарастыру жоспарланып отыр. (слайд)

 

Қолданған шаралар

Сәулет бөлімімен аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендер мониторингі заңды түрде жүргізіліп отырады. Бөлім «Геосәулет» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен құрылысы жүргізіліп жатқан объектілерге тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады, олардың жобалық құжаттарын тексеріп отырады. Құрылыс жүргізуді жоспарлап отырған жер телімінің меншік иелері құрылыс – монтаждық өндірісі жұмыстарына рұқсат құажаттарын рәсімдеу үшін Алматы облысының сәулет және қалақұрылысын бақылау Департаментіне жолданады.

Жер телімдерін тексеру қорытындысында Іле ауданы аумағында қазіргі кезде 66 объект құрылыс – монтаждық өндірісі жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның ішінде 44 объектінің меншік иелерінде құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ. 2015 жылы сәулет –құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 48 материалдар Алматы облысы сәулет және қала құрылысын мемлекеттік қадағалау Департаментіне әкімшілік шара қолдану үшін жолданды. Оның ішінде 24 объектінің меншік иелеріне айыппұл салына отыра шара қолданды.

 Жер телімдерінің пайдалану нысанын бұзғаны үшін бөліммен жиналған 62 материалдар Алматы облысы жер инспекциясына жолданды, оның ішінде 25 меншік иесіне айыппұл салынды.

  Сонымен қатар, «сәулет бөлімі мемлекеттік мекемесімен қазіргі кезде Іле аудандық сотына Боралдай кентінде орналасқан Е.Кенжинге, А.Машанлоға тиселі жер телімінде тұрғызылған заңсыз құрылыстарды бұзып тастау мақсатында талап арыз жолданды, ал «Жомарт» саяжай қоғамының өз массивінің шекарасын бұза отыра көрші жер телімдерін басып алу фактісі боынша материалдар Алматы облыстық ауданаралық кәсіби сотына жолданды.(слайд)


Сәулеттік келбет туралы

ҚРеспубликасындағы  «ҚР сәулет және қалақұрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңының 17,71 баптары талаптарына сәйкес өзіне тиеселі жер телімін пайдалану, объект жағдайы және оны сәулетік келбетке келтіру жер телімдерінің меншік иелері мен объектінің меншік иелеріне жүктелген. Бірақ та, сараптама бойынша көптеген сауда саласындағы объектілердің менщік иелері нысандарды эстетикалық түрге келтіру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерін орындамайды, объектінің қасбетінің бояуы кеткен, жарнама тақтайшалары жаңартылмаған, объект аумағы санитарлық жағдайға сай емес және т.б.

Сонымен қатар, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамында уақытша қойылған жабайы сауда орындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 164/1 бабы талаптарын қолдану мүмкіндігі бар.     Осы заң нормасына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамында өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 

 Аталған меншік иелеріне аудан архитектурасы өз жағынан заңсыз қойылған сауда орындарын бұзу және объектілердің сыртқы келбетін қалыпқа келтіру бойынша ескерту қағаздарын бере отыра меншік иелерімен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді, бірақ та көп жағдайда меншік иелерімен берілген ескерту хаттары шешімін таппайды.

Осыған орай, жоғарыдағы заңға сәйкес аталған кемшіліктерді түзету мақсатында  материалдар ауылдық округтер әкімдеріне жолданады..

 

Күрделі мәселелер

Қазіргі кездегі күрделі мәселе дөңгелек жөндеу, техникалық жөндеу орталығы, сауда орындарын ұйымдастыру үшін металды контейнерлер қоя отыра  ұйымдастырылған жабайы сауда орындарын жою.

Жеңіл конструкцияларды орналастыру бойынша аталған жағдайлар  Ащыбұлақ ауылдық округі «Алматы - Чапаев» тас жолы, Боралдай кентінде, Байсерке ауылы, Өтеген батыр, Покровка кенттеріндегі Алматы – Жетіген тас жолында орын алған.

Мысалы,  Байсерке ауылдық округіне қарасты Алматы –Жетіген трассасы бойында Саруар Нұрмамат жол бойы сервисі құрылысын жүргізуге арналған жер телімінде өз бетінше пайдалану нысанын бұза отыра, құрылыс - монтаждық  жұмыстар өнідірісіне рұқсатсыз құрылыс материалдарын сату базарын жүзеге асырып жатыр.

Аталған факт бойынша материалдар «Алматы облысы сәулет және қала құрылысын мемлекеттік бақылау» Департаментіне шара қолдану үшін жолданды.

Департамент өз тарапынан тек қана айыппұл салумен шектелді және құрылыс –монтаждық жұмыстарын тоқтату туралы ұйғарым берілді. (слайд)

Екінші туындаған мәселе, ауданның елді мекендерін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда дамыту үшін қажетті ауматарды нақты жоспарлау жобасына енгізу туралы және аудандағы салынған құрылысты реттеу мақсатында басқа да елді мекендердің бас жоспарларына түзету енгізу қажеттілігі туралы бөліммен берілген ұсыныс 2016 жылдың жобалау жобасына облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілмей отыр, себебі аталған инвестициялық жобаларды дамыту үшін бөлінетін аумақтар бұрынғы бекітілген елді мекендердің бас жоспарлар жобасы шекарасына қосылмаған.

Аумаққа құрылыс жүргізуде сәулет және қала құрылысы, құрылыс саласындағы заңнаманы сақтауда бөлім жұмысы 2016 жылы Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мен аудан әкімдігімен қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

2016жылға қойылған міндеттер:

1.  Ауданның барлық елді мекендерін қалақұрылысы құжаттармен қамтамасыз ету;

2.  Елді мекендердің бас жоспарларының талаптарын міндетті түрде сақтау;

3.    Қажетті органдарға шара қолдану үшін материалдар жолдау;

4.    Сәулет және қала құрылысы саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін халықпен жұмыс істеу;

5.    Елді мекендерді абаттандыру бойынша шараларды орындау;

6.    Әлеуметтік тұрмыстық және тұрғын үйі құрылысы объектілерін жобалау үшін бастапқы деректерді жинақтау және жобалық – сметалық құжаттарды әзірлеу;

7.    Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мен аудан әкімдігімен қойылған міндеттерді орындау бойынша қолданылған шаралар;