БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 2013 жылдың 1 жартыжылдығында және 9 айында жүргізілген жұмыстар туралы ЕСЕБІ    
 
                                                                                                                                                          
                                                                                                                                                                Іле ауданы әкімі аппараты
                                                                                                                                                                 басшысы Д.Б.Сабырбаевқа


2013 жылдың 1 жартыжылдығында және 9 айында жүргізілген жұмыстар туралы ЕСЕБІ
 
«Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, оны жүзеге асыру бойынша және жоспарланған шараларды жүргізу мерзімдері мен толықтылығына тұрақты түрде бақылау жасау анықталды. 2013 жылдан бастап Жаңаталап, Қосөзен, Құйған ауылдарына нақты жоспарлау жобасымен бірлескен бас жоспар әзірлеу жүргізіліп жатыр. Аталаған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бөліммен қала құрылысы құжаттарын әзірлеу үшін бастапқы мәліметтер қалыпқа келтіруде.
Қала құрылысы құжаттары әзірленбеген (бас жоспарлар, нақты жоспарлау жобасы) басқа да елді мекендерге қатысты, келесі 5 жылдыққа қала құрылысы құжаттарын әзірлеу жоспарланып отырған әсіресе Қарасу, Көктерек, Әли, Еңбек, Қайрат, Жаңа Арна, Ақши, Күрті, Жауғашты, Комсомол, Төле би ауылдары бойынша бөліммен Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген қаржылау кестесі құрылды.
Сонымен қатар 2013 жылдан бастап Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша «ГРАДО» Жобалау фирмасы» ЖШС Алматы облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысын құру мақсатында Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеуге кірісті,аталған жобаны жүзеге асыру аясында бөлім Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысын толықтыру мақсатында мәліметтерді жинақтаумен айналысып жатыр.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында сәулет және қала құрылысы бөліміне барлығы 616 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде заңды тұлғадан 147 және жеке тұлғалардың 469 өтініш, оның ішінде 425 өтінішіне түсіндірме берілді және 62 өтініш қанағаттандырылды, 53 өтінішке тиым салынды.
Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық сипаттағы маңызды мақсат болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі бағыты болып қалады. Осыған байланысты 2012 жылы жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 28,016 мың шаршы метр құрылыс жүргізілді және пайдалануға қабылданды.
Алматы облысы Әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 395 қаулысымен «Қазақстан республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен – жай анықтау», «Сәулеттік – жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілген. Аталған қызмет көрсету түрлері Іле ауданының халыққа қызмет көрсету ортылығы арқылы жүзеге асады. Бөліммен 2013 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 374 сәулеттік – жоспарлау тапсырмасы, жылжымайтын мүлік нысандарын анықтау бойынша 866 анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жүргізілді,
«Қолайлы тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үйі құрылысын дамыту тек қана 2012 жылдан бастап қарастырыла бастады. Аталған бағдарлама бойынша жеке тұрғын үйі құрылысына алаңдар келесі округтерде сақталған:
- Қараой ауылдық округі, Тлендиев ауылында жалпы аумағы 20,0 га жер телімі сақталған, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген, әзірленген нақты жоспарлау жобасы бар.
- Междуреченск ауылында Шабыт ықшамауданында жалпы аумағы 250,0 га жер телімі бөлінген, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген.
- Өтеген батыр кентінде 64 пәтерлік жалға алу тұрғын үйі құрылысы және 20 пәтерлік тұрғын, үйі құрылысына жалпы аумағы 2,7 га жер телімі сақталған, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген, нақты жоспарлау жобасы бар.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде және жер телімінің мақсатты тағайындауы бойынша жер телімдерін пайдалану, өз бетінше жүргізілген құрылысты бақылауды күшейту жүргізіліп жатыр, кемшіліктерді анықталған жағдайда материалдар әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін уәкілетті оганға жолданады.2013 жылдың 1 жартыжылдығында 11 материал «Алматы облысы бойынша сәулет және қала құрылысын мемлекеттік бақылау және лицензиялау басқармасы Департаменті» мемлекеттік мекемесіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық жер инспекциясына жолданды.
Көп жағдайда әкімшілік шара қолдану ұзақ мерзімге созылып кетеді, сол себепті бөлім жұмысының сапасы күшін жояды. Сонымен қатар, әкімшілік сипаттағы қолданған шара қорытындысыз.
Нысанның сыртқы келбетіне қатысты бөлімде кемшіліктерді жою және санитарлық жұмыстарын жүргізу туралы ескерту хаттары жиі таратылып тұрады,көбінесе орындалмай қалады. Осыған байлансыт сәулет бөлімінің жылжымайтын мүлік нысандарының меншік иелерін не болмаса жалға алушыларды әкімшілік жауапкершілікее тарту құзіреті жоқ, сол себепті әкімшілік сипаттағы шара қолдану қорытындысыз.
Бөлім «Геосәулет» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен республикалық және облыстық маңыздағы жол бойы сервисі нысандарына тексеру жүргізді. Іле ауданы аумағындағы Алматы - Өскемен тас жолының бойындағы Алматы қаласына кіреберіс жерде 37 билборд, 23 жол бойы нгысаны, оның ішінде 10 жанар – жағар май құю станциясы және 9 сауда және тамақтану нысандары, басқа да жол бойы сервисі нысандары, Алматы – Жетіген көлік жолының бойында 78 жол бойы сервисі нысандары,оның ішінде 10 жанар – жағар май құю станциясы, 68 сауда және тамақтану орындары.
«Алматы қаласына кіреберіс жерде жол қозғалысына кедергі келтіретін көтерме сауда орындары мен логистикалық нысандар, өндірістік нысандарды орналастыру бойынша шаралар қолдану туралы» жол бойы сервисі нысандарын анықтау мақсатында бөліммен жол бойы сервисі нысандары бойынша альбомдар жасалынды және жол бойы сервисі нысандарына топографиялық түсірілім түсірілді, түсірілім түсіру барысында кейбір жер телімдерінің нақты орналастыру орны бойынша сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Іле ауданының Алматы қаласына жақын орналасқандығына байланысты миграция есебінен басқа аймақтардан біздің ауданда тұру үшін келіп жатқан азаматтар көбеюде. Ауылдық, кенттік округтерде жеке тұрғын үйі құрылысына жер телімін алу бойынша кезекте 15 мыңнан аса тіркелген. Алдын –ала сақталған жер телімдері толығымен бөлінді, қазіргі уақытта оларды игеру бойынша жерлерді реттеу талап етіліп отыр және берілген жер телімдерін игеру бойынша шараларды орындау үшін жер пайдаланушыларға ескерту қағаздары берілді.
2009 жылғы 26 наурыздағы № 46 «Алматы облысы сәулет және қала құрылысын дамыту туралы» Алматы облысы әкімдігінің қаулысындағы мақсаттарды жүзеге асыру аясында аумаққа құрылыс жүргізуде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы сақтау бойынша сәулет бөлімімен жұмыстар жүргізілуде.
«Мекен – жай тіркелімі» АЖ толықтыру мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жылжымайтын мүлік орталығы арасында нысандарды салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бөліммен мәліметтерін базасын актуализациялау жұмыстары аяқталды.
2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының және 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 «Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен – жай Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы коммуникация және транспорт Министрінің бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес қазіргі уақытта бөлімде жаңартылған функциональдықты үйрену бойынша жұмыстарды басталды.
 
«Сәулет және қала құрылысы бөлімі»
ММ басшысы                                                                                                                                                                                             Р.Каипов

 

www.iletany.kz