БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Білім бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың жарты жылдығына атқарылған жұмысы туралы мәлімет  

 

           2011-2012 оқу жылының  жылдық қорытынды есебі бойынша барлық оқушы саны аудан бойынша 30186, оның ішінде 1-4 сыныпта 13088, 5-9 сыныпта 14122, 10-11 сыныпта 2976  оқушы. 2011-2012 оқу жылының басында аудан бойынша барлық оқушы саны 30425, оның ішінде 1-4 сыныпта 13113, 5-9 сыныпта 14189, 10-11 сыныпта 3123 оқушы болған. Оқу жылы ішінде аудан мектептеріне жалпы 1467 оқушы келген , жалпы мектептерден 1706   оқушы кеткен.

    2011-2012 оқу жылында  аудан бойынша үздік оқитын оқушылар саны-  5592 оқушы, екпінді оқитындар саны-10777 оқушы, үштікпен оқитындар саны- 13800  оқушы , 4 оқушы  үлгермейтін оқушы сабақ босатқаны үшін бағаланбаған, олар №2 орта мектептен 1 оқушысы, №7 орта мектептен 1 оқушы, №26 орта метептің 1 оқушысы  9б сынып оқушысы Мирошниченко Роман сабаққа қатыспаған, іздеу жарияланған және №32 орта мектептің 1 оқушысы. 

Аудан бойынша  2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша  оқушылардың білім сапасы 54 пайызды құрады, үлгерім 99,9 пайыз. Үздік оқушылар саны саны-5592, екпінді оқушы саны-10777

 1-4 сыныптарда аудан бойынша білім сапасы 65 пайыз , үздік оқушы саны-3585, екпінді оқушы саны-4863

5-9 сыныптарда  білім сапасы 48 пайыз, үздік оқушы саны-1843, екпінді оқушы саны-4916

10-11 сыныптарда  білім сапасы 31 пайыз, үздік оқушы саны-164, екпінді оқушы саны-998

Іле ауданы бойынша 2011-2012 оқу жылында 1485 оқушы 11-сыныпты аяқтап, соның ішінде  1191  бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға  өтініш берді. Ауданның мектеп бітірушелері Қапшағай қаласындағы №157 ҰБТӨП-де 1-лек бойынша  2 маусым күні 248 бітірушісі, 2-лек бойынша 4 маусым күні 473 бітірушісі, 3-лек бойынша 6 маусым күні 460 бітірушісі жалпы 1181 бітірушісі ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Тасымалдау  мен  тамақтандыру жұмыстары өз уақытында ешқандай оқыс оқиғасыз өз уақытында дұрыс  ұйымдастырылды.

Жалпы аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден алған ұпайлар бойынша қорытынды:

2012 жылғы Ұлттық біріыңғай тестілеудің балдық нәтижесін талдау бойынша төмендегі көрсеткіштер сараланды.  Аудан бойынша 1181 ҰБТ-ге қатынасушының : 

-0-3 бал аралығында, яғни «екілік» алғандары 132 бітіруші ол жалпы ҰБТ-ге қатысушының  11,2% пайызын құрайды,

- 0 балл алғандар жоқ,

-1-49 балл аралығында  227 бітіруші , ол 19,2 % ,

-50-60 балл аралығында 264 бітіруші , ол 22,4%,

-61-70 балл аралығында 245 бітіруші,  ол 20,7%,   

-71-80 балл аралығында 184  бітіруші,  ол 15,6%,

-81-89 балл аралығында 114 бітіруші , ол9,7%,

- 90-100 балл аралығында 86 бітіруші,  ол 7,3%,

-101-110 балл аралығында 43 бітіруші,  ол  3,6%,

-111-120 балл аралығында 18 бітіруші , ол 1,5%  ,

-125 балл алған бітіруші аудан бойынша болған жоқ, 

-Жалпы аудан бойынша орташа балл  66,3  болды.

Аудан бойынша «Алтын белгі» төс белгісіне 52 үміткер кандидатурасы ұсынылды. Барлық үміткерлер ҰБТ-ға қатысты. Оның  10-ы тиісті білім талабын дәлелдеді. 5 үміткер қазақша оқып білім алған және 5 үміткер орысша оқып білім алған. Аудан бойынша «Алтын белгі»-ні дәлелдегендер пайызы 19,2 % құрайды. «Алтын белгі» төс белгісіне үмткерлерді ұсынған 17 мектептің 6-ының үміткерлері атап айтсақ: №13 орта мектептің 8 үміткерінің 2-уі, №38 мектеп-гимназиясының 8 үміткерінің 1-уі, №10 орта мектептің 7 үміткерінің 4-уі, №17 орта мектептің 1 үміткерінің 1-уі, №23 орта мектептің 2 үміткерінің 1-уі, №3 орта мектептің 3 үміткерінің 1-уі тиісті білім талабын дәлелдеп шықты Олар:  

Аудан бойынша 2012 жылы «Алтын белгі» төс белгісін дәлелдеген түлектер тізімі:

Мектебі

Оқу тілі

Түлектің  аты-жөні

1

№13 орта мектеп

Қазақша

Закиева Құндыз Раушанқызы

2

№13 орта мектеп

Қазақша

Рамазан Ақерке Бейсенбекқызы

3

№38 мектеп-гимназия

Орысша

Абылгазиева Маржан Толенкызы

4

№10 орта мектеп

Қазақша

Садықов Бақкелді

5

№10 орта мектеп

Қазақша

Әділ Алтай

6

№10 орта мектеп

Қазақша

Аминова Салтанат

7

№10 орта мектеп

Орысша

Мухтасырова Ақмарал

8

 №17 орта мектеп

Орысша

Алпар Сұлтан

9

№23 орта мектеп

Орысша

Травина Елена

10

 №3 орта мектеп

Орысша

Тырышкина Евгения Сергеевна

«Алтын белгі»-нің тиісті  білім талабына 1 балл жетпеген  аудан бойынша екі үміткер,  олар:  №38 мектеп-гимназиясының 1 үміткері және №10 орта мектептің 1 үміткері.

Ұсынған үміткерлерінің ешқайсысы дәлелдей алмаған мектептер бар олар: №14 ом-1 үміткер, №18 ом-1 үміткер, №4 ом- 5 үміткер , №19 ом-2 үміткер , №6 ом – 1 үміткер, №15 ом- 1 үміткер, №39 гимназия-4 үміткер, №9 ом -2 үміткер , №12 ом 1 үміткер, №5 ом- 2 үміткер, №16 ом-3 үміткер.

 «Үздік  аттестатқа» үміткер 7 бітірушінің 2-уі тиісті білім талабын дәлелдеді, олар:

Мектебі

Оқу тілі

Үміткердің аты-жөні

1

№23 орта мектеп

Орысша

Седова Александра

2

№30 орта мектеп

Қазақша

Баймухан Мөлдір Садуақасқызы

 «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлікті дәлелдеуге 1 бал жетпей қалған 2 үміткерге  «Үздік аттестат» берілді, олар:

 

Мектебі

Оқушының аты-жөні, тегі

Оқу тілі

Қай бағыт бойынша оқиды

1

10 ОМ

Сламханова Салтанат

Қазақша

Жарат.математикалық

2

№38 МГ

Кочисова Алина Сергеевна

Орысша

Жарат.математикалық

 

Аудан бойынша  ең төменгі  балл алған  4  мектептің бітірушілері бар  олар: №19 орта мектептің  бітірушісі-23 балл және №3 орта мектептің  бітірушісі-23 балл. №4 орта мектептің  бітірушісі -24 балл, №11 орта мектеп бітірушісі – 24 балл , №39 гимназияның 1 бітірушісі -25 балл алған. Аудан бойынша ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл алған  36 бітіруші, ең жоғарғы  балл  119  балл болды. 119 балды алған  №38 мектеп-гимназия түлегі Абылғазиева Маржан Төленқызы- «Алтын белгі» төс белгісінің иегері.

Оқушылардың жазғы демалыс күндеріндегі демалысы мен сауықтырылуының негізгі түрі мектеп жанында ұйымдастырылатын лагерь болып табылады.  Сондықтан маусым айында аудан бойынша ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 23 лагерь ұйымдастырылып, онда 1- 30 маусым аралығында 4245 оқушы демалды. 10 мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын лагерьлерде демалған оқушы саны – 1630.

        №35 орта мектепке жаңа ғимарат салынуына және № 24,21 орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарынның жүргізілуіне байланысты мектепішілік лагерьлер ұйымдастырылмайды.

        Мектепішілік сауықтыру лагерін ұйымдастыруда топтар құрылып, топ жетекшілері, «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымынан жетекшілер бекітілді.

         Сонымен қатар, оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында 1- 30 маусым аралығында барлық мектептерде 68 құрылыс жөндеу бригадалары құрылып, 1600 оқушы қамтылды. Құрылыс бригадаларында мектеп айналасындағы қоқыстарды шығару, мектеп ғимаратының жан-жағын тазалау, ағаштарды қию сияқты жұмыстарды атқарды.

         Маусым айында барлық мектептер бойынша 163 көгалдандыру бригадалары ұйымдастырылып, оған 4064 оқушы тартылды.

         1- 30 маусым аралығында № 13 орта мектептерде оқу өндірістік бригадаларында 220 бала, ал, №11 орта мектептің 30 оқушы түрлі шаруа қожалықтарында  жұмыс жасады.

1-30 маусым аралығында №10, №16 орта  мектеп орманшылығында 281 оқушы жұмыспен қамтылып, мектеп ауласына гүлдер егу, ағаштар отырғызу оларды суғару, түптеу, арам шөптерін жұлу сияқты жұмыстарды іске асырды.

         Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында аулалық клубтарды ұйымдастырудың маңызы зор.    № 3 орта мектеп «Балауса», № 4 орта мектеп «Жұлдыз», № 6 орта мектеп «Еламан», № 9 орта мектеп «Достар», №11 орта мектеп «Радость», № 13 мектеп «Мейірім», № 17 мектеп «Арман», №18 мектеп «Юность», №24 мектеп «Әділет», № 41 орта «Достык» аулалық клубы ұйымдастырылып, онда «Домбыра», «Шебер қолдар», «Би», «Хор», «Саз» т.б үйірмелері ұйымдастырылып,  жұмыс жасады. Онда 441 оқушы қамтылды.   

         1-30 маусым аралығында 1405 оқушы өз қалаулары бойынша 79 таңдау клубтарына қатыстырылды.

1- 30 маусым аралығында жоспар бойынша 134 туристік жорықтар мен экскурссиялар ұйымдастырылып, 4290 оқушы саяхатқа шықты.

         Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда 156 жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған, 1731 әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға ерекше көңіл бөлінді.

         Оқушылардың  жазғы демалысын жұмыспен және демалыспен қамтуда жетім, жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың жазғы демалысын тегін ұйымдастыруда жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа 11-21 маусым аралығында І ауысым бойынша «Рахат» сауықтыру лагерінде 80 оқушы, 2 ауысым бойынша   11-21 маусым аралығында -80 оқушы, Талғар ауданындағы «Спутник» сауықтыру орталығында аудан азаматтарының демеушілігімен 30 оқушы және облыстық маслихат депутат У.Касанов ықпал етуімен  «Табаған» сауықтыру орталығында 3 оқушы, Алматы облысының Әкімі, «НұрОтан» ХДП Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Мұсаханов бастамасымен 28 мамыр-11 маусым аралығында Ақмола облысы Борабай ауданындағы  республикалық «Балдәурен» оқыту-сауықтыру ортылығымен Талғар ауданындағы «Тау Самалы» демалыс лагерінде 4 демалды.

         1-30 маусым аралығында жалпы іс-шаралардың барлық түрімен қамтылған оқушы саны-18403. Олар: мектепішілік лагерьде- 5875, құрылыс – жөндеу бригадасында – 1600,  көгалдандыру бригадасында- 4064, шаруа қожалықтарында – 30, оқу-өндірістік бригадаларында – 220, мектеп орманшылығында – 281, аулалық клубтарда – 441, таңдау клубында – 1405, туристік жорықтар мен саяхаттарға – 4290, жалпы қаладан тыс демалыс орындарында – 197 оқушы.

Аудан мектептерінде ағымды жөндеу жұмыстары өтіп жатыр.

         Первомай кентінің №24 орта мектебінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары, Жана Арна ауылындағы №35 орта мектептің жаңа ғимаратын  салу жұмыстары жүруде.