БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Білім бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Алматы облысының  Іле ауданы бойынша   мектепке дейінгі білім беру және
оқытуға жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының төлем ақы мөлшері мен
мемлекеттік білім  беру тапсырысын бекіту туралы қаулысының ЖОБАсы
24.08.2017

 ЖОБА

 

  

  

Алматы облысының  Іле ауданы

бойынша   мектепке дейінгі білім беру және
оқытуға жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-анасының
төлем ақы мөлшері мен
 мемлекеттік білім  беру тапсырысын
бекіту туралы

 

 

         2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабының 4-тармағы 8-1 тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.     Осы қаулының  қосымшасына сәйкес    Іле ауданы бойынша   мектепке

дейінгі білім беру және оқытуға  жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының төлем ақы мөлшері мен мемлекеттік білім  беру тапсырысы  бекітілсін.

2.     «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Л.Каткееваға  осы қаулыны Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді басылымдарда, сондай -ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және  аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3.     Осы қаулының орындалуын бақылау  аудан  әкімінің  орынбасары

Жунисов Даурен Хабдолдановичке жүктелсін.

4.     Осы  қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

           Аудан әкімі                                                                                         К.Медеуов