БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Білім бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды  
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi  мен схемаларын бекіту туралы
 қаулысының ЖОБАсы
24.10.2017

 ЖОБА

 

  

  

Іле ауданының шалғайдағы  

елдi мекендерде тұратын балаларды  

жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың

тәртiбi  мен схемаларын бекіту туралы

 

 

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15,№16, №17,№18,№19,№20,
№21,№22,№23,№24,№25,№26,№27,№28,29,30,31,32,33,34,35,36 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi мен схемаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 тамыздағы № 8-449 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3428 тіркелген, 2015 жылдың  7 тамызында аудандық "Іле таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
   4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары  Нурлан  Орынбасарович Куматаевқа жүктелсiн.
    5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 


                 
 Аудан  әкімі                                                                                 К.Медеуов