БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Кәсіпкерлік бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары туралы
26.01.2017

 

          Құрметті кәсіпкерлер, Сіздер бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алу мүмкіншілігіңіз бар.

Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға  экономиканың басым секторларында өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақша қаражаты), сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу
      4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
      5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
         Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000  (үш миллион) теңгеден аспайды.

Барлық сұрақтар бойынша «Іле аудананың кәсіпкерлік бөлімі» ММ Өтеген батыр ауылы, Батталханова көшесі 8 үй, тел.: 8 72752 2 24 22 (вн 241) хабарласуыңызға болады.