БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Кәсіпкерлік бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Инвесторларға «Бір терезе» жұмысын қамтамасыз ету  

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті 2014 жылы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Парламентінің V шақырылымдағы IV сессиясының ашылуына Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, инвесторлар үшін «бір терезе» тетігін енгізді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 282 бабына сәйкес, инвестор үшін «бір терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ғимаратында (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1). Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс істейді.
www.isc.baseinvest.kz интернет-ресурсында «Бір терезе» модулі жұмыс істейді.