БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Іле ауданында үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық
қамсыздандыруды тағайындау туралы шешім жобасы
 
 
Жоба

Іле ауданында үйде оқитын
мүгедек балаларға материалдық
қамсыздандыруды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы” Заңның 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданында үйде оқитын мүгедек балаларға әр балаға тоқсан сайын 8 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
2. Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы берген анықтамада көрсетiлгендей, мүгедек балаларды үйде оқыту қажеттiлiгi танылған сәттен, ал жәрдемақы бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берген күннен бастап, отбасының табысына қарамастан бiр жылға ата-анасының бiреуiне немесе оның орнындағы адамға, мүгедек болып туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейiнгi (мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балалар және әкесi-шешесi құқығынан айрылғандарды қоспағанда) мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау бекiтiлсiн.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.


Сессия төрағасы
__________ Б. Сүлейменова Аудандық мәслихат хатшысы
____________ Е. Тұрымбетов



Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қарашадағы «Іле ауданында үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы» №39-185 шешіміне келісім парағы


«КЕЛІСІЛДІ»


«Іле аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы                                                Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы

10 қараша 2014 жыл