Құрметті Іле ауданының тұрғындары! - егер Сіздің балаңыздың құқықтары бұзылса; - егер Сіздің балаңыз өмірдің қиын жағдайына тап болса; - егер бала еңбегін заңсыз қолданса, эксплуатацияға тартылса; - егер Сізге отбасында балаға зорлық көрсетсен фактілерді білсеңіз; - егер Сіз мектепке бармайтын, оқымайтын, қайыр тілеп, қараусыз қалған балалар туралы мәлімет білсеңіз, Іле ауданының білім бөлімінің «сенім телефонына»  хабарласыңыз. Тел: 8/72752/2-04-68, 2-12-93, 2-15-05.
 
 
Сәлеметсіздер ме, құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
 
Іле ауданының тұрғындарымен, яғни алғашқы ақпарат көздерімен тікелей байланыс жасасуға, пікір алмасу мен түрлі жағдайлар бойынша ақылдасуға, нақтылы ақпаратты алуға мүмкіндік туғызуы үшін құрылған жеке ресми блогыма қош келдіңіздер. Интернет кеңістіктегі ашық пікір алмасу барлығымыз үшін тиімді болары сөзсіз. Дамыту мәселелері толғандыратын, өміріміздегі оң өзгерістерге ұмтылатын барлықтарыңызды блогтың оқырманы болуға шақырамын.
 
Іле ауданының әкімі Қарасаев Б. Ә.
 
 
 
ӘКІМНІҢ ЖЕКЕ БЛОГІ           ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ           СҰРАҚ ҚОЮ
 
 

Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеушілеріне тракторлар табысталды

      Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды. Оларды кәсіби мерекесімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, сыйақы мен сыйлықтар тапсырды. Атап айтсақ, «Үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші мен өңдеуші» номинациясының жеңімпазы ретінде Балқаш ауданындағы «Жақсылық» шаруа қожалығына МТЗ-82 тракторының кілті тапсырылды.
Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының холында облыстағы ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айғақтайтын көрме қойылды. Мұнда апорт алмасы, 15 келі болатын алып асқабақ, түрлі сүт, ет өнімдері, нан тағамдары және басқа да азық-түліктің түр-түрі көрсетілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.12.2018
 

Алматы облысының 5 кәсіпорны «Сауда үздігі - 2018» республикалық байқауының жүлдегері атанды

      Жуырда Қызылорда қаласында «Сауда үздігі - 2018» республикалық салалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауда Алматы облысының 5 кәсіпорны жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлімдеді.
Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, сауда орталығы» номинациясында 1-орын Ұйғыр ауданында бүгінгі күні 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Ярлин» супермаркетіне берілді. Олардың орташа жалақысы 80 мың теңге. Сауда үйінің басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары үшін тұрақты түрде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.12.2018
 

АЛАШТЫҢ АРХИВІ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ БОЛМАҚ

 

Тамырсыз тал болмайды,

Тарихсыз ел болмайды, – деп келетін мақал мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай.

Мен бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтым.

Ертегідей ескі заманның өзінде даланың дүлділі сәйгүлікті қолға үйретіп, адамзат баласына атқа міну мәдениетін қалыптастырып, тасты талқандап, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңына бас ұрған данышпан қазақ екені тайға таңба басқандай жазылған бұл мақалада.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2018
 

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ елінің тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Қазақстан халқының тарихи таңдауы болған бұл мереке – күллі қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Бұл Қазақстан халқының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген сенімі мен құрметінің көрінісі.

Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2018
 

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- деген дана халқымыз. Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді. 1992 жылдан бастап латын әліпбиін енгізу туралы бастаманы алғаш көтерген: филология ғылымдарының докторы, профессор  Әбдіуәли Тұрғанбайұлы Қайдаров. Латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Қарапайым тілмен жеткізсек, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурызындағы өкімімен бекітілген, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Алматы облысы «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмысшы тобы 2 қараша күні арнайы Іле ауданына келді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.11.2018
 

ЕЛІ ДӘУЛЕТТІ, ЖЕРІ СӘУЛЕТТІ МЕКЕН

      Қазақстанды мекендейтін барша халықтың тарих туралы түсінігі ең алдымен өзінің ата-тегінің шежіресін білуден басталған. Осыған орай бүгінгі көзқарас пен құндылықтар өзгерген, әдет-ғұрыптар жаңғырған заманда бұл ұғым одан сайын кеңейіп, көкірегінде сәулесі әрбір азамат төл тарихын игеруді туған жерінің, өскен, қызмет атқарған ортасының тарихын білуден бас-тауды дұрыс көреді. Басқаша айтқанда өз өлкесінің тарихын тереңінен танығысы келеді. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, қазақстандық әрбір азаматтың Отан тарихын оқып-үйренудегі алғашқы баспалдағы, өз өлкесінің, туған жерінің, өскен өңірінің тарихын игеруден басталады. Тамырын сонау өткен ғасырдың 1928 жылдан алатын Іле киелі де қасиетті мекен.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.10.2018
 

іЛЕ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

  

     Құрметті Іле ауданы тұрғындары мен қонақтары!

    Сіздерді 27 қазан күні ауданымыздың 90 жылдық мерей тойын тойлауға шақырамыз! Мерекелік іс шара таңертеңгі сағат 10.00 де Өтеген батыр ауылындағы «Ерлікке тағзым» деген атпен «Үш ұрпақ» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталады. Одан кейін арбат алаңында аудандағы экономикалық  даму, ауыл шаруашылық, этномәдени бірлестіктер, ұлттық  қол өнер, мекемелер мен кәсіпорындар көрмесі өтеді. Ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар өткізіледі. Спорт мектебінде салтанатты жиын соңы Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары Мирас пен Құралай, Қанат Үмбетов және Алия Абікенова, Бейбіт Кушкалиевтердің қатысуымен мерекелік концертпен жалғасады.

     Келіңіздер, мерекелік іс шараны бірге тамашалайық!  

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2018
 

ТҰҒЫРЛЫ ТОҚСАН ЖЫЛ

 
        Іленің 90 жылдығы мерекесі біздің жетісулықтар үшін, әсіресе, келер ұрпақ үшін маңызды мереке. Бұл тойды біз ұзақ күттік. Өйткені, ауданның жарты ғасырлық, содан кейін 60, 70, 80 жылдық мерекелері атап өтілген емес. Біз, тәуелсіздігімізді алмай жүрген кезде, өз тарихынан ажырап қалған халықпыз ғой оны жасырып қайтеміз. Біздің тарихымыздың тереңде екенін жастарға көрсетпесек, «Мәңгілік Ел» болу деген идеямыз орындалмайды. Көне шежіреміз бен тәуелсіздігіміздегі жаңа тарихымызды ұштастыруымыз қажет. Біз кеше ғана бола салған аудан емеспіз. Тамырын сонау 1928 жылдан алып, Талғар ауданының қарамағында болып, кейіннен өз алдымызға отау құрдық. Өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы дәуірлеу, дүркіреу жылдарынан кейінгі, 90 жылдардың басындағы тоқырауды еңсерген іргелі Іле атанған елміз. Ешкімге дес бермедік. Қайта күшімізді сарқылтпай сес көрсеттік десек артық айтқандық емес.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2018
 

ТОЙЫ ОРТАҚ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ

 
        Мен Әли ауылында 1928 жылы дүние есігін ашыппын. Шыр етіп кіндік қаным тамған жер осы киелі Іле жері. Еңбектенсең, өнімін алар, шөбін тартсаң арғы жағынан майы шығар, көкорай жер. Баяғыда бала кезімізде Калининге осы Байсеркені басып өтетін кұре жолмен талай шаңын аспанға атып, бұрқыратып өтуші едік. Өйткені мен алғашқы біліміді сол Тұздыбастау (Калинин) ауылында алдым ғой. Кейінен ғой Шилікемерге келгенім.
         Содан бері аттай 90 жыл зыр етіп өте шығыпты. Алғашында Ұлы Отан соғысы аяқталып ел есін жиып, елге оралып жатқанда мен орта мектепті аяқтап, Алматыдағы киноактерлік мектептің табалдырығын Ж. Елебеков, Н. Жантурин, К.Қожабековтармен бірге аттадым. Одан кейін отан алдындағы борышымды өтеу үшін Владивосток асып, 5 жылдай әскер қатарында болдым.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2018
 

КИЕЛІ ӨЛКЕМ

 

Іле ауданы мен үшін жаныма жақын, жүрегімнің түкпірінен мықтап орын алған киелі де қастерлі мекен. Олай дейтінім, есеюдің есті жылдарының сан алуан жылғасы жасыра алмайтын менің балалық шағым, балдәуренім, білім нәріне сусындаған оқушылық күндерім, бозбала болған жігіттік кезім ауасы саф алтындай таза, табиғаты көркем Байсерке ауылында өтті. Осы ауылдан арман қуалап үлкен өмірге қанат қақтым. Жоғары білім алып, қызметке араласқанда да еңбек жолымды осы өлкеде бастадым. Кім де болса өзінің өскен жерін мақтан тұтады. Қай жерде қызмет атқарсам да, базарлы шағымның жарқын іздері қалған осынау ыстық мекенді есімнен шығарған емеспін.

Қазір Іле ауданы республика көлемінде ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындарын қарқынды дамыта отырып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік тұрғыда өркендеуіне қомақты үлес қосып келе жатқан іргелі аудандардың бірі саналады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2018
 

МАҢЫЗЫ ЗОР МЕРЕКЕ

 

Алматы қаласының дәл іргесінде орналасқан Іле ауданының мен үшін орны ерекше. Өйткені, менің білім саласындағы еңбек жолым, қызмет баспалдақтарым Іле ауданында өтті. Іле мен үшін екінші туған жерім десем, еш қателеспеймін. Өтеген батыр кентіндегі №38 орта мектепте ұстаз болып тәжірибе жинап, педагогиканың қыр-сырына қанықтым. Білікті басшы, тәжірибелі педагог Әмірбаева Зәмзәгүл Нұрмұханбетқызынан көп нәрсені үйрендім. Ерінбей еңбек ете жүріп, Іле ауданында қатардағы ұстаздан мектеп директорлығына дейінгі баспалдақтардан өттім. Бүгінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жауапты қызмет атқарсам, ең алдымен Іле ауданының, осындағы тәжірибелі педагогтардың тәлім-тәрбиесінің арқасы.

Тарихы тереңде жатқан бұл өлке көптеген дарынды, тұлғаларымен, қайраткер азаматтарымен танымал.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2018
 

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХЫ БАР

 

2018 жыл – ауданымыздың өміріндегі елеулі жыл есебінде есте қалмақ. Киелі Іле ауданының құрылғанына биыл 90 жыл толғалы отыр. Іле ауданының кешегі мен бүгінгі шежі-ресі 1928 жылдың 3 қыркүйегінен басталады. Сол жылы бүкілодақтық орталық атқару комитетінің шешімімен Алматы және Іле болыстықтарынан Іле ауданы құрылған еді. Міне, содан бері 90 жыл уақыт өткен екен.

Жер Жәннаты Жетісудың ажырамас бір бөлшегі болып саналатын ауданымыз осынау кезеңде, жүріп өткен жолдарында небір күрделі қиыншылықтарды, қалыптасу, толысу, өрлеу, тоқырау кезеңдерін бастан кешті.

Бұрынғы Одақ тараған соң да тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына өзіндік үлес қосып, өркендеп, өрлеп келе жатқанына бүгінгі ұрпақтар шынайы куәгерлер болып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2018
 

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

 

Қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі Іле ауданы – Алматы облысындағы іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екені белгілі. Тамыры терең, тарихы кенен аудан биыл өзінің 90 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Бұл Тәуелсіздігіміздің жемісі, Елбасы саясатының нәтижесі.

Байтақ Отанымыздың ажырамас бір бөлшегі болып саналатын Іле ауданы осынау кезеңде, жүріп өткен жолдарында небір күрделі қиыншылықтарды, қалыптасу, толысу, өрлеу, тоқырау кезеңдерін бастан кешті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2018
 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау

 

          2019 жыл-Жастар жылы. Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы көтердік», деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау-мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екенін ескертті. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Қоғамның даму үдерісін ілгерлетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Экономикалық аспектіде еліміздің өркендеп даму стратегиясы жүзеге асатын болса, ал әлеуметтік тұрғыда жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамымыздың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.    
     «Жолдауда айтылған басымдықтардан Қазақстанды жаңғырту барысында əлеуметтік мəселелерге маңыз берілгені аңғарылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың адам капиталына көзқарасы жəне оны дамытуға мəн беруі елдегі даму моделінің жаңа бір белеске көтерілгенін көрсетеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.10.2018
 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. 

Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.10.2018
 

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

      Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі деген ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаев. Ендеше Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тәуелсіздігіміздің туын тіккен күннен бастап, бір сәт те назардан шығармаған Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде білім ордалары - мектептеріміз, қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, ерекше жетістіктерге жетіп отыр.
Құрметті ұстаздар, сіздер рухани дүниеміздің асқақтығын әрқашан туған халқының ...........

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.10.2018
 

Күрті ауылдық округі бойынша 1-ші қазан «Қарттар күні» мерекесіне байланысты «Еңбегі еленген – бар бақытқа бөленген» тақырыбында іс-шара өткізілді

    «Ардагерлерді ардақтайық» Нұр Отан партиясының партиялық жобасы аясында Күрті ауылдық округінде 2018 жылдың 1-ші қазан «Қарттар күні» мерекесін мерекелеуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды.
Күрті ауылдық округі бойынша 2018 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызы «Қарттар күні» мерекесін мерекелеу кезінде жалғыз басты, жағдайы нашар, еңбек ардагерлері мен мекемелерде көп жылдар еңбек етіп зейнетке шыққан зейнеткерлерге, ауыл ақсақалдарына арнап арнайы бекітілген жұмыс жоспарға сай мәдени шаралар өткізілді. Атап айтқанда бекітілген жоспарға сәйкес қыркүйек айының 24 мен 29 күндері аралығында қарттар күніне байланысты мектеп оқушыларының тарапынан мектепке бекітілген шағын ....

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.10.2018
 

ЕЛДІК МҮДДЕЛЕРІМІЗ

 

          Мемлекет басшысының өз бастамаларын арнайы Үндеу арқылы жариялап, онда қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл – Елбасының халқына ұсынған президенттік әрі перзенттік сыйы. Ол бастамалардың әрқайсысы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамтиды.
        Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесі де Елбасы назарында. Осы орайда, Білім және ғылым министрлігіне жаңа экономикада сұранысқа ие мамандардың қажеттілігін талдау негізінде 2018-2021 оқу жылдарына арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қаулы жобасын дайындау жүктелді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.09.2018
 

ҰЛТТЫҚ МАҚСАТПЕН ҮНДЕСУ

 

        Елбасымыздың Жолдауына қатысты соңғы жарияланған ақпараттардың мазмұны «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» біріктіреді. Ұлт жетекшісі сөзінің басында, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетіндігін, жаңа технологиялық қалып, біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертіп жатқандығын баса айтқан болатын. Бұл өзгерістер сансыз сын-қатерлермен қатар жүреді.

Бәсекелестік ортадағы жағдайын тұрақтандыру үшін де еліміз аталған жаһандық құбылыстарға дайын болу керек екендігі анық. Мемлекет басшысы айтқандай, бізде «қажетті бағдарламалардың барлығы бар».

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.09.2018
 

Бағдат Әбілмәжінұлы аудандағы кәсіпорындармен танысуда

      Аудан көлеміндегі "Берикап Қазақстан" жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, алкогольсіз сусын шығаратын "Галанс ботлерс" акционерлік қоғамы, "Медиатекс " бас киім шығаратын өнеркәсіптердің тыныс тіршілігімен танысты. Көңілге қонарлығы сол өнімдердің сапалылығына мән беріледі екен. Бұл өнімдер ішкі нарықта ғана емес ТМД мемлекеттерінде де үлкен сұраныста.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.09.2018
 

Бағдат Әбілмәжінұлы аудандағы мекемелермен танысуда

       Аудан әкімі бүгін ақсақалдар кеңесіне қатысты. Елдің хал-ахуалын қарттарымызбен талқылады. Асылдың сынығы Төрткен Кененқызымен танысып, ауыл ақсақалдарымен алдағы жоспарларымен бөлісті. Ауданымыздағы білім бөлімі, ветеринарлық станциясы, Тіл орталығы, Әлеуметтік азаматтық базис "Болашақ" қоғамдық бірлестік мекемелерімен танысып, жұмыстарымен танысты. Соның бірі Алматы облысы бойынша үздік атанған Іле аудандық кітапханасында болып, Кovorking орталығының жұмыстарын көрді. Орталық кітапханамызда 172 561 кітап қоры, электрондық кітапханалары жұмыс жасап тұр. Ауданымыздың тілі, көзі һәм құлағы болып жүрген аудандық "Іле таңы" қоғамдық-саяси апталық газеті ұжымымен танысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.09.2018
 

200 мүйізді ірі қарадан 197 бұзау алған «Байсерке-Агро»

       Мүйізді ірі қараның қазақстандық «Ақбас» тұқымынан 97% және «Әулиекөл» тұқымынан 99% (200 сиырдан 197) бұзау алған, Канададан жеткізілген етті бағыттағы және 70 литрға дейін сүт беретін сиырлардың «Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының мал басы санын арттырып, бұзауларының тәулігіне 1-1,5 келі салмақ қосуына мүмкіндік жасап отырған, сүттің сауылуынан өңделуіне дейінгі процестерді толықтай автоматтандыруға көшірудің нәтижесінде сүттің құнарлылығын жоғалтпай, сапасын арттырып, әр сиырдың сүт беруіне байланысты азықтандыру мөлшерлемесін нақты есептеп беретін роботтарды қолданып жүрген заманауи технологияларды өндіріске алғашқылардың бірі болып енгізіп жүрген, сондай-ақ мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығындағы өнімділік ..........

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.09.2018
 

Іле ауданының жаңа әкімі тағайындалды

       ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Іле ауданының әкімі болып Бағдат Қарасаев тағайындалды.
Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы Амандық Баталов оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Елбасы бекіткен бағ­дарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.
– Іле – облыстағы экономикалық даму жағынан жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған үлкен аудан. Мұнда ірі-ірі өнеркәсіптер орналасқан. Ауыл­шаруашылығы да сан салалы. Халықтың тығыз орналасу аймағы бол­ған­дықтан мұнда жылда жаңа мектеп, жаңа бала­бақшалар ашылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.09.2018
 

БІЛІМ ЕРКІНДІГІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР

       Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Шараға аудан әкімі Қ. Медеуов, Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директоры С. Кеңесбаев, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева және округ әкімдері, аудан көлеміндегі орта мектептердің басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ата-аналар қатысты.
   Жиынды аудандық білім бөлімінің басшысы Л. Каткеева жүргізіп, кеңеске қатысушыларды құттықтап, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.09.2018
 

БІРТҰТАС ЕЛДІҢ БЕРІК ТАСЫ

 

        Қымбатты Іле ауданының тұрғындары мен құрметті қонақтары!
        Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Қазақстанның Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 23 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады.

        Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.08.2018
 

Турнир төресі ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛДЫ

          Өтеген батыр ауылындағы аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында аудандық спорт бөлімі және Іле ауданының мемлекеттік қызметкерлер мен әр саладағы жергілікті кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, аудан әкімінің кубогына арналған мекеме қызметкерлері арасында бильярд және шахматтан аудандық турнирі өткізілді.
Жарыстың басты мақсаты: 30 тамыз ҚР Конституция күні мерекесін атап өту, ауданда бильярд және шахмат спорт ойынын мекемелер арасында дамытып жетілдіру, жалпы халықты спортқа тарту, спортшылардың шеберліктерін және жан-жақты дайындықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.08.2018
 

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

 

          Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасының бесіншісі,  маңызды салалардың бірі – елді газбен қамтамасыз ету. Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 пайызға жуығы газбен қамтылған. 9 облысқа газ тартылған. Н.Назарбаев бұл жаңа қадамдар бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер ететінін айтты. Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудың тың мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Ұлт көшбасшысы бағдарламаны заңды тұрғыдан бекіту қажеттігін де алға тартты. Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түседі.

         Сонымен қатар, Н. Назарбаев бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асатынын айтты. Ол жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге,  қазаққа керектігін жеткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2018
 

АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК

 

        Елбасы Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа белесі» атты жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Президентіміздің Жолдаулар мен бағдарламалық мақалалары тәуелсіз еліміздің ілгері қадам басуына алғышарт іспеттес. Биылғы Жолдауда елдің жан-жақты дамуының негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын міндеттерді шешуге жұмыла кірісуге шақырады. Жаңа Жолдау қоғам мен мемлекеттің әрі қарай дамуына қажетті 10 міндеттен тұрады. Құжатта индустриаландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, адами капитал, жемқорлықпен күреске баса назар аударылды. Жолдауды жүзеге асыру үшін біз өз тарапымыздан белсене атсалысамыз. Жолдаудың жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі», – деген тапсырмаға баса назар аударғымыз келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.08.2018
 

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР