БАСТЫ > Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын
 
Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын
 

Басшысы:

 
Егембердиева Майра Әбдіқалыққызы

Мекен жайы:

 
 Өтеген батыр кенті, Титова көшесі 30

Телефоны:

 
Қабылдау бөлімі 2517-033
(Жедел жәрдем 2-03-09),
Госпиталдау бюросы 8-72752-39-029

Электронный адрес

   Ilizrb@mail.ru



Егембердиева Майра Әбдіқалыққызы
 

Егембердиева Майра Әбдіқалыққызы 1961 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Текелі қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ.
1978 жылдан бастап Текелі қаласындағы рудникте өндірістік емес топта жұмысшы болды.
1979 - 1985 жылдары арасында Алматы мемлекеттік медициналық институтында оқыды.
1985 жылы институтты емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді, квалификациясы дәрігер терапевт.
1985-1986 жылдары Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана базасында интернатура өтті.
1986-1996 жылдары Текелі қаласындағы орталық қалалық ауруханасында цех дәрігері болып қызмет атқарды.
1996 жылы Текелі қаласындағы қалалық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1997 жылдан 1999 жылға дейін «Текелі қалалық денсаулық сақтау» МКК бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
1999 жылдан 2000 жылға дейін «Текелі қаласы БМСК орталығы» МДБ директоры лауазымына тағайындалды.
2000-2001 жылдары «Текелі қаласында медициналық көмек көрсету жөніндегі орталық» МКК емханасының меңгерушісі болды.
2001-2005 жылдар аралығында «Текелі қаласындағы қалалық аурухана» МКК бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
2005-2011жылдары Алматы облысы әкімінің облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы болды.
2011 жылдың ақпан айында облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2015 жылдың 25 қарашасында ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Мейірімділігі үшін» медалімен марапатталды.
Әскери міндетті – запастағы офицер.
Тұрмыста, жолдасы Сембаев Бакит Кожахметұлы 03.09.1961 жылы туған, үш бала тәрбиелеп отыр.
 

 
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Іле аудандық орталық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының директоры  және орынбасарларының  жеке мәселелері бойынша  азаматтарды қабылдау кестесі
 
№  р/с
Аты-жөні
Қызметі
Қабылдау күні
Байланыс телефоны
1
Егембердиева Майра Әбдіқалыққызы
ШЖҚ Іле АОА МКК-ның директоры
Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күні сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін
Жұм.тел: /8727/251 70 33
факс:8/72752/ 2 36 93
2
Солтангазиев Айдар Аскербекұлы
Директордың  емдеу ісі жөніндегі орынбасары
Күнделікті сағат 08:00 ден 16:00 ге дейін
+7 705 101 55 55
жұм.тел: /8727/251 79 68
3
Жаңбырбаев Сұлтан Жаңбырбайұлы
Директордың  медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары
Күнделікті сағат 08:00 ден 16:00 ге дейін
+7 771 080 09 99
жұм тел:8/727/251 70 33
4
Сарбасова Гулсара Сағнайқызы
Директордың бірінші медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары
Күнделікті сағат 08:00 ден 16:00 ге дейін
+7 775 125 77 73
жұм тел:8/727/389 53 01
 
5
Омарханова Күлзия Мажиқызы
Директордың ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары
Күнделікті сағат 08:00 ден 16:00 ге дейін
+7 777 293 06 01
жұм.тел:8/727/2517963
6
Мұқаев Арқабай Алпысбайұлы
Директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары
Күнделікті сағат 08:00 ден 16:00 ге дейін
+7 775 946 77 03
8/727/389 00 41

    

 

Жалпы мәлімет
Боралдай кентінің «Аудандық ауруханасы»