БАСТЫ > Аудандық кітапхана
 
Аудандық кітапхана
 

Басшысы:

  Жабиева Мейрамкүль Түйебайқызы

Мекен жайы:

  Өтеген батыр кенті,Ажімұратов көшесі,12,

Телефоны:

  872752) 2-01-79,

Электронный адрес

   ilibibl2004@mail.ru

 
 
 
Жабиева Мейрамкүль Түйебайқызы
 
Іле аудандық кітапханасының директоры Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы 1956 жылы 12 мамырда туған, білімі жоғары. Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы кітапханалық еңбек жолын 1973 жылы Алматы облысы, Күрті ауданындағы мектеп кітапханасында,1975-1978 жылдары Каскелен мәдениетағарту училищесін қызыл дипломға бітіріп,1986-1999ж.ж Ақший ауылы Күрті аудандық кітапхана директоры қызметін атқарды. 1983-1988ж.ж.Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының кітапханашы-библиограф мамандығын бітірген, кітапханалық еңбек өтілі 40 жыл.1997жылы Күрті ауданы жабылғаннан кейін1999жылдан бері Іле ауданында қызмет атқарады. Іле аудандық кітапханасын жаңа ақпараттық технологиямен жабдықтауда 2003 жылы кітапханаға РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс, Тапсырыс» модульдерін енгізді. Әлемдік ақпараттық базаларда мәліметтер алуға мүмкіндік беретін интернет жүйесіне енгізіп, оны қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде жүреді.Бүгінде Аудандық ,Боралдай ауылдық балалар,Чапай,Ақший,Боралдай ауылдықдық кітапханасын «Үлгілі ауыл кітапханасы» қатарына қосып, заман талабына сай жаңа технологиялық ақпарат жүйесіне енгізуді жүзеге асырды. 2006 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан еңбекші әйелдері» конгресіне қатысқан Мейрамкүл Түйебайқызы іскер әйелдермен тәжірибе алмасып, Мәдениет Министрі Е.Ертісбаевпен кездесті. ҚР Ұлттық кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істеп, білім жетілдіру курсына қатысқан кітапханашыларға өз іс-тәжірибесін таратуда. ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстан. Модульді ауыл кітапханасы» атты облыс кітапханашыларының облыстық семинарын ұйымдастыруда белсенділік танытты. М.Жабиеваның 33 жылдық еңбегі жоғары бағаланып 2007 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын алды.Жолдасы және бес немересі бар.
Кітапхананың жұмыс кестесі:
 Жұмыс уақыты :
Дүйсенбі 9.00-10.00
Сейсенбі 9.00-10.00
сәрсенбі 9.00-10.00
бейсенбі 9.00-10.00
жұма 9.00-10.00
сенбі 9.00-17.00
Демалыс күні – жексенбі.
Айдың соңғы  күні – тазалық күні