БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау

 
 
 
Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау 01.04.2015

Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура туралықұжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға өтініш сондай-ақ сенімха тнегізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.
Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында олардың филиалдарында алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіне сәйкес
Қазақстан Республикасында білім беру және кәсіби қызметке қолжеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжатты тапсыру үшін мынандай құжаттар топтамасын тапсыру қажет:
1)білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі
3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі
4)білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі
5)Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі
6) оқу орнының мөрімен расталған, білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредитеу туралы күәліктің және /немесе лицензияның көшірмесі.
7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты
8) төлем туралы түбіртек

«ХҚКО» РМК филиалының Іле аудандық бөлімінің инспекеторы Имадилдаева Н.