БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) онлайн-режімде тіркеу
 

 
 
 
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) онлайн-режімде тіркеу 06.04.2015

Ақпараттық-инновациялық технологиялар, халыққа электронды қызмет көрсету дамыған ғасыр онлайн-режімде өтініш бере отырып, некені электронды түрде тіркеу ісін жетілдіруге мүмкіндік берді. Некеге тұру туралы өтініш беру электронды қызметін Қазақстан Республикасының бірінші рет некеге тұратын, балалары жоқ азаматтары қолдана алады. Некені онлайн-режімде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін электронды-санды қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет және Интернетке қосылған болуыңыз керек. Екінші немесе одан да кейінгі некелерді тіркеуге арналған өтінішті электронды үкімет порталы арқылы бере алмайсыз. Алайда электронды өтініш беру некеге тұру туралы қағаз жүзінде өтініш беру мүмкіндігін шектемейді. Некеге тұруды тіркеуге арналған өтініш www.egov.kz электронды үкімет порталында толтырылады және некеге тұратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес басқа да мәліметтерді қамтиды.Некені тіркеуге арналған онлайн өтінішті некеге тұрудың жоспарланған датасына дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде беру керек. Өтінішті толтыру рәсімін өткеннен кейін өтініш иелері АХАТ қызметінің өтінішті қабылдағандығы туралы хабарлама алады. Электронды өтінішті алған соң әділет органы толтырылған өтінішті тексере отырып, некені тіркеудің уақытын, күнін және орнын көрсетеді. Некеге тұруды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж салығын төлеуді электронды үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы (яғни «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «KAZKOM» АҚ төлем карточкалары арқылы) жүзеге асыруға болады. Некені тіркеу үшін онлайн-төлемді өтініш берушілердің біреуі төлейді. Сонымен, некеге тұруға ниет білдірушілер үй-жайдан (үйден немесе жұмыстан) шықпай-ақ, сондай-ақ әлемнің әртүрлі жерінде жүріп те некеге тұру туралы электронды өтініш бере алады.


«ХҚКО» РМК филиалының Іле аудандық бөлімінің инспекеторы Садырбаева Б.