БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
 

 
 
 
Ризашылық күні — мейірімділік пен ізгілік мерекесі 07.12.2016

    

Алматы облысының мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Ризашылық» акциясына қатысты

Ризашылық күні — мейірімділік пен ізгілік мерекесі.

Бұл ана әлдиін, бесік жырын тыңдап өспеген бүлдіршіндерге көрсетілген қамқорлықтың бір көрінісі. Шарапатты шараны көріп, ықылысқа бөленген қамкөңіл әр баланың жүрегіне мейірімділік оты ұялары сөзсіз. Осыған орай, Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері Талдықорған қаласының балалар үйінде«Ризашылық» акциясын өткізді.

Шара аясында Балалар үйінің тәрбиленушілеріне ойыншықтар сыйлап, концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар қонақтар балалардың шығармашылық өнерлерін тамашалай алды.