БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
 

 
 
 
Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері «Жүректен жүрекке» атты қан тапсыру акциясына қатысты 07.12.2016

   

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Жүректен –жүрекке» еркін түрдегі донорлық акцияға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалы — «ХҚКО», «ЖКжЖМТТО» және «ӘТВАЕО» департаменттерінің қызметкерлері белсене қатысып қан тапсырды.

Сонымен қатар қан тапсырғаннан кейін берілетін сомманы Департамент қызметкерлері бір ауыздан «Қызыл Ай» қоғамы қайырымдылық акциясына көмек ретінде аударды.

«Біз аталған акцияға қатыса отырып, ең алдымен, донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек беруді көздейміз, осы акция бір емес бірнеше өмірді сақтап қалуға септігін тигізетініне сенімдіміз» -дейді Талдықорған қаласының Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкері Джанбаев Самат.