БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
 

 
 
 
«Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
10.04.2015

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжатты тапсыру үшін мынандай құжаттар топтамасын тапсыру қажет:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар жобалау құжаттамасы және материалдар;
болжанатын құрылысқа арналған жер учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
порталға:
қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар жобалау құжаттамасының және материалдардың электрондық көшірмесі;
болжанатын құрылыстың учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау құжаттамасы;
порталға:
қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің, жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 жұмыс күні ішінде;
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
портал – тәулік бойы

«ХҚКО» РМК филиалының Іле аудандық бөлімінің инспекеторы Дауткулов.Д