БАСТЫ >  Жұмыссыздарды ХҚКО-да да тіркейді
 

 
 
 
 Жұмыссыздарды ХҚКО-да да тіркейді 12.05.2017


        Шілде айынан басталатын міндетті медициналық сақтандыруға қатысушы санатыңызды қазірден анықтап алыңыз. Ол үшін жеке куәлігіңізбен өзіңіз тұратын аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына баруыңызға болады. Сіздің ЖСН арқылы жүйеден санатыңызды қарайды, егер мемлекет есебінен төленетін 19 санаттың біріне жататын болсаңыз, онда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өзіңіз тіркелген медициналық мекемеден тегін ем қабылдау құқыңыз бар екендігін ескертеді. Егер ешқандай санатта болмасаңыз, жұмыссыз ретінде тіркелесіз. Бүгінгі таңда барлық ХҚКО-ларда Жұмыспен қамту орталығының өкілдері отыр. Оларға жүгіну үшін электрондық кезекпен талон алудың қажеті жоқ.  Сонымен қатар өзініздің әлеуметтік мәртебенізді egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы біле аласыз.

        Талдықорған қаласында төмендегі мекенжай бойынша орналасқан ХҚКО-ларда  тіркеле аласыз.

        1) Тәуелсіздік көшесі 67

        2) Шығыс ауданы Центральная көшесі