БАСТЫ >ПРЕСС-РЕЛИЗ
 

 
 
 
Бір- команда, бір - мақсат 12.12.2018

 

16-желтоқсан тәуелсіздік күніне орай  Алматы облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері  Қаскелең қаласында «Бір- команда, бір - мақсат» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді. Еңбекшіқазақ,Талғар,Қарасай, Жамбыл, Іле, Талдықорғаннан келген  кіл мықтылар жиналған сайыста волейбол, кір тасын көтеру, шахмат,шашки тоғызқұмалақ, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.

«Дені саудың- жаны сау деп бекер айтылмаған. Мақсатымыз- жарыстыру емес, барлықтарыңызды спортпен шұғылдануға шақыру.Әр кім өзі үшін болашағы үшін  ағзасын жаман әдеттерден аулақ ұстау керек »,- деп сөз бастаған филиал директоры Бекжүнісов Ермек Құралбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Әріптестер арасындағы жарыс қызу да қызықты өтті. Білімді мыңды,білікті бірді жығады демекші, бұл сайыста жігіттерге білектерінің күшін барынша көрсететін сәттер көп болды. Волейбол ойынында Талдықорғандықтар алдына жан салмады. Ал арқан тартыста Қарасайлықтардың күшіне ешкім төтеп бере алмады. Командалық есеп бойынша гран при Талдықорғандықтар,1-орын Қарасай ауданы,2-орын Жамбыл ауданы, 3- орынды талғарлықтар еншіледі.