БАСТЫ > Азаматтарға арналған үкімет : бір терезеден – бір өтінішке 

 
 
 
Азаматтарға арналған үкімет : бір терезеден – бір өтінішке 15.02.2017

 

     Есіктен – есікке жүру, үйілген анықтама жинау,  көптеген құжаттар, бос жүрістерден шаршаған қазақстандықтар үшін, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы құрылуымен келмеске кетті. Қазіргі танда көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін ХҚКО-ның есігін аттамай ақ, өзіңің жеке  компьютеріңде отырып немесе ұялы телефон, смартфондар арқылы жеке кабинетіне кіріп алуға болады. Сіздер бұны жай қиял деп отырған шығарсыздар. Осыдан екі-үш жыл бұрын  «бұл мүмкін емес» деп айтқан шығарсыздар. Ал қазіргі таңда бұның бәрі уақытымызды үнемдейтін шындық. 2016 жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрт ведомстваны біріктірген болатын: ХҚКО, зейнетақы төлеу орталығы, жылжымайтын мүлік және жер кадастры орталығы.

       Бүгінгі күні «ХҚКО»-ның көрсететін қызметі, артықшылықтары туралы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облыстық филиалы ХҚКО департаментінің директоры  Самат Иманғалиев  айтып береді..

       Мемлекеттік корпорациясына бірнеше қызметтердің бірігуі тосыннан  болған шаруа емес. «Біз қазақстандықтардың өмірге келген күнінен, өмірден өткенге дейінгі кезеңдерді қадағалап отырамыз» –деп Иманғалиев атап өтті.      

       Біздің қызмет қазақстандықтардың өмірін жақсарту,  мемлекеттік  қызметтің барлық спектрін жедел алуға жағдай жасау. Барлығы қол жетімді және оңай, оған жету үшін оңай жол немесе тәсіл іздеудің қажеті жоқ.      

        Біріктірілген мемлекеттік корпорация мемлекеттік  қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады және әкімшілік кедергілерді жойып, құжаттар тізбесін азайтып, сұратылған мемлекеттік қызметтерді алуға, бұл процесті оларға көрсету анағұрлым ашық, ал мерзімі-аз болуын қамтамасыз етеді. Біздің жұмыс бойынша зерттеу жүргізу барысында қоғамдық  пікірлерге қатты назар аударылып қалай және нені оңтайлауға болатынына баса қөңіл бөлінеді. Мәселен, жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауды алайық, бұған дейін мұндай анықтаманы алу үшін  апталап қажетті қызметтерге жүгініп, табалдырығын тоздыратын, бағамдарын күтетін, оны бекітетін және уақыт созыла түсетін.

          Біздің орталыққа берілгелі қызмет көрсету уақыты біршама қысқартылды. Қазір тұтынушы ХҚКО –ға бір-ақ рет келеді, яғни кадастрлық құнын анықтауға және жерге орналастыру жобаларын бекітуге екі құжатты бірден өткізеді. Содан он күннен соң дайын құжатын алуға келеді. Біз өтінішті қабылдап, бағалау құнын жасайтын мамандарға береміз,олар тексеріп және бақылау жүргізеді. Ары қарай процесс өз ағымымен ешқандай қызмет алушының қатысуынсыз-ақ жүргізіледі. Сондай-ақ зейнетақы тағайындау және жәрдемақыға құжаттар рәсімдеу үшін, бұрын ЗТМО түске дейін ғана құжаттарды қабылдап, түстен кейін оны рәсімдейтін.Тіпті аптаның арасында бір күн жұмыс істемейтін. Бұл әрине азаматтарға ыңғайсыз болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация  аптаның алты күнінде сағат таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасаса,  Талдықорған қаласының ХҚКО-ғы сағат 8.00-ден  20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Алдын-ала да келіп, кеңес алуға болады немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып та кеңес алуларынызға барлық жағдай жасалған.Айтпақшы, қонырау шалу тегін.

 

 

     

Иманғалиевтің айтуынша  екі немесе одан да  көп ұқсас қызметтерді, яғни композиттік қызметтерді, бір өтінішпен қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.       

       Мысалы, аталмыш жұмыстардың арқасында  жаңа босанған әйелдерге  тууына байланысты қызметтердің толық спектрін рәсімдеу едәуір жеңілдік туды және оны перзентханалар мен перениталдық орталықтарда жүзеге асыруға жағдай жасалды. Атап айтар болсақ,  перзентханадан шықпай жатып – ақ олар төрт қызмет түріне өткізе алады, яғни туу туралы куәлік, баланың туылуына және оның күтімі үшін жәрдемақы тағайындау, мектепке дейінгі балаларды балабақша кезегіне қою . Сонымен  қатар жыл басында бала тууға және 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау кезінде эксаумақтық қағидатты (облыс шегінде) қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Алда бұл жобаны республикалық шеңберінде іске асыру көзделіп отыр.

 

     -  «Жүкті  әйелдерге беретін кеңесім, босанар алдында  жүкті әйелдер жеке шот ашып, перзентханаға өзімен бірге банктегі нөмірін және неке қию туралы куәлігінің, жеке куәлігінің  көшірмесін  және басқа  балалары болса олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ала барған жөн»,-дейді Самат Сайлаубекұлы. 

     Сондай-ақ, «ХҚКО» -ның әр бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайтының айта кету керек. Онда азаматтар өздері электронды анықтамалар, баланы бала-бақшаға кезекке қояды және айыппұлдарды т.б қызметтерді алуларына болады. Бұл үшін ЭЦҚ  (электронды цифрлық қолтаңба) болса болғаны.

      Мәселен  жылдың басынан  100000 астам азаматтар өзіне –өзі қызмет көрсету секторы «Connection Point» арқылы мемлекеттік  қызметтер алды. Бұл қызметті үйінде  компьютер алдында отырып  алуға болады-дейді Иманғалиев

      Уақытты үнемдеу үшін барынша қолайлылық жасалуда, жаңа технологиялар жүзеге асырылуда. Қажет болған жағдайда «ХҚКО»-ға келмей-ақ өз кезегіңізді брондауға болады. Ол үшін электронды үкімет порталында жеке кабинетке кіріп,  кезекке келу уақытын белгілейді. Жұмыс басты адамдарға өте қолайлы қызмет, бір сөзбен айтқанда халықтың мүмкіншілігін арттыруға тырысамыз.

     Алдыңғы апталарда  азаматтар уақытша тіркеуге тұрып алсын деп демалыссыз жұмыс жасадық. Бұл біздің тарапымыздан көрсеткен көмегіміз.

     «Азаматтарға арналған үкімет» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді. 1 және 2 топтық  мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар мобильді  ХҚКО-ны үйлеріне шақыра алады және  қызмет тегін көрсетіледі. Ал ХҚКО-лардың  өздерінде пандустар бар және ХҚКО қызметкерлерін шақырту қоныраулары орнатылған. Ал есту және сөйлеу қабілеттері төмен азаматтар үшін ХҚКО-ның әрбір бөлімінде ым-ишара тілін үйренген қызметкерлер де бар.     

       Бұның бәрі қолайлылықтар туғызу мақсатында болса, ал қызметтерді жеңілдету шеңберінде коммисиядан өтіп, мүгедектік алған азаматтарға енді, «ХҚКО»-ға келіп мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеу керек емес. Өйткені құжаттар олардың қатысуынсыз –ақ  «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан беріледі, ол жерде жәрдем ақы төлеу ұйымдастырылады.

   

Оқырмандарға берілетін кеңестер:

 

- Егерде «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясының жұмысы жайлы арыз-шағымдарыңыз болса немесе мемлекеттік қызметтер жайлы сауалдарыныз болса, онда оны «1414» бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы біле аласыз.

- Есіңізде болсын, ХҚКО-ға кезекті электронды үкімет порталы арқылы алдын ала брондауға болады. Ол үшін сіз жеке сәйкестендіру нөмірінізді білсеңіз жеткілікті.

- Егер сіз 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат болсаныз  «1414» нөміріне хабарласып мобильді ХҚКО-ны үйіңізге шақырту арқылы барлық қызметтерді ала аласыз.