БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
 

 
 
 
ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.12.2015

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады. ХҚКО қызметкерлері дәл шығару уақытында тура перзентханаларда туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырды.
«Осы іспеттес акцияны бұған дейін Қазақстанның жекелеген қалаларында өткізген болатын, алайда бүгінгі іс-шара айтарлықтай кең ауқымға ие болды, оған Халыққа қызмет көрсету орталығының Іле аудандық бөлімі де қатысып, аудандық перзентханада дүниеге келген Есім Батыр Алмасұлы, Құдайберген Раяна Берқайырқызы, Раев Ярослав Васильевич, атты 3 сәбидің құжаттарын табыс еттік», - деп айтып өтті «ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалының Іле аудандық бөлімінің басшысы Аида Мунайтбасова.
Баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметі жергілікті атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімделеді. Оны алу үшін ата-ананың жеке куәлігі, неке қию туралы куәлігі, туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактіні анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі талап етіледі. Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
«Әдетте, туу туралы куәлікке тапсырыс беру үшін ХҚКО-ға ата-ананың бірі жүгінеді. Мереке аясында біз перзентханаға барып, Байсеитова Диана Сайфуллақызынан Есім Батыр Алмасұлына, Карипжанова Булгын Жанатбековнадан Құдайберген Раяна Берқайырқызына, Раева Марина Анатольевнадан Раев Ярослав Васильевичке, туу туралы куәлікке аналардан өтініштерді өзіміз қабылдадық және құжаттарды дәл перзентханадан шығару кезінде жеткіздік», деді А.Мунайтбасова
ХҚКО-лардың тууды тіркеуден басқа баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар тағайындауға сұрау салулар қабылдайтындығы баршамызға мәлім, ал «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ата-аналар баланы балабақшаға кезекке қоя алады.
Айта кетейік, жылдың басынан ХҚКО-ң Алматы облысы Іле аудандық бөлімі бойынша 4391 мыңнан астам туу туралы куәлік берілді.