БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Некені онлайн –режимінде тіркеу
 

 
 
 
"Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін мобильді топтардың үйлерге бару" қызметі 16.03.2016

     Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір ХҚКО-да арнайы пандустар мен шақыру түймелері орнатылып, олардың құжаттарын қабылдау үшін арнайы орындар белгіленген.
Сондай-ақ, ендігі жерде мүмкіндігі шектеулі жандар, (1, 2- топтағы мүгедектер) үйлерінде отырып-ақ қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ол үшін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс-орталығына телефон шалып, өз өтініштерін беру керек.
Бірыңғай байланыс-орталығының кеңесшілері өтінім келіп түскен бойда, 10-20 минуттың ішінде өтінімді (өтініш берушінің аты-жөнін, байланыс мәліметтерін) ХҚКО қызметкеріне жолдайды.
Өтінішті алған ХҚКО қызметкері өтініш иесімен хабарласып, мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттар қажет екенін және өтініш иесінің үйіне бару уақытын анықтайды.
Жұмыс уақыты бойынша 72 сағаттың ішінде мобильді ХҚКО өтініш берушінің үйіне келіп, қажетті құжаттарды алып кетеді. Құжаттар дайын болған кезде, үйге әкеп береді. Бұған қоса, ХҚКО қызметкерлері электронды- цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беріп, болашақта анықтамаларды өздері электрондық нұсқада алулары үшін «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеуге де үйретеді.