БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды
 

 
 
 
Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды 18.03.2015

Шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерімен бірге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлері сапарға шығатын болады.
Мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Сондықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-лармен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін ынтызарлықпен қолдадық.
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б.
Мобильдік ХҚКО спараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.
2014 жылы мобильдік ХҚКО-тар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай ішінде мобильдік ХҚКО-лар шалғай елді мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.