БАСТЫ >  Сыбайлаc жемқорлыққа орын жоқ
 

 
 
 
 Сыбайлаc жемқорлыққа орын жоқ 18.05.2017

     

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз.Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес .Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол -әлеуметтік мәселе. Бұл салад қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол -  жемқорлық.Елімізде осы мәселелерге арнайы қабылданған заңдар  да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін таба қойған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен  күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол, саяси даму тұрғысынан бір- біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай -қайсысын болса да алаңдататыны анық.

Қазақстан Республикасының  Заңнамаларына сәйкес,сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.Өмір көрсеткендей,қызмет өкілеттігін теріс пайдалану,билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану,пара алу,пара беру,парақорлыққа делдал болу,қызметтік жалғандық жасау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық пен сыбайластық  байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Кез-келген  өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын,ұлттық қауіпсіздікке  қауіп – қатер әкелетіндігі күмәнсіз.Сондықтан да ҚР-ң мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш –жігерін біріктіріп осы дерттің одан әрі ұлғаймау үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы  қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенізге, тәуелсіздігімізді алып, күллі әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдай уақыт болып отыр. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып,нығайа түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып,ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.Бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз  Н.Әбішұлының  бастауме  алға қойылған  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық  Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы  деп білу керек.

 

Іле аудандық «ХҚКО» бөлімінің бас маманы Н. Баегизов