БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > «Мобильді Халыққа қызмет көрсету орталығы»

 
 
 
«Мобильді Халыққа қызмет көрсету орталығы» 23.02.2015

«Мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік қызметтердің шалғай елді-мекен тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін құрылған. Мобильді ХҚКО қызметтік автокөлікпен «ХҚКО» РМК облыстық филиал директорымен бекітілген, көші-қон полициясы, жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Өтініштерді қабылдау, беру, құжаттарды рәсімдеу жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
«Мобильді ХҚКО» сәйкесті ХҚКО бөлімінің екеуден кем емес қызметкерінен, қажет болған жағдайда уәкілетті орган мен ұйымның бір қызметкерінен тұрады.
«Мобильді ХҚКО» жұмысы төмендегідей процестерден құралуы тиіс:
-халыққа кеңес беру, құжаттар пакетін жинақтау;
-ұсынылатын құжаттардың ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру;
-ақпараттық ресурстар (ХҚКО ЫАЖ, «Электрондық Үкіметтің» веб-порталы), «Жылжымайтын мүлік тізілімі» мемлекеттік мәліметтер дерекқоры (ЖМТ ММД), «Халықты тіркеу және құжаттандыру» Тіркеу пункті (ХТЖҚ ТП) арқылы құжаттарды қабылдап, рәсімдеу;
-қабылданған құжаттардың толық тізімі көрсетілген қолхат беру;
-«Мобильді ХҚКО» қабылдаған құжаттар тізілімге сәйкес ХҚКО-ның сәйкесті бөлімінің жинақату секторына тапсырылады;
-бөлімнің жинақтау секторында «Мобильді ХҚКО-мен» қабылданған құжаттар мемлекеттік қызметтердің әр түрі бойынша қабылданған күні үш данадан қалыптастырылады (біріншісі – жинақтау секторы үшін, екіншісі – уәкілетті органға, үшіншісі – дайын құжаттарды беру секторына);
-жинақтау секторы қабылданған өтініштерді қабылданған күнінен кейінгі күннен кешіктірмей, куръерлік қызметпен уәкілетті органға жолдап, оның орындалуын мемлекттік қызмет стандарттарына сәйкес ұйымдастырады;
-мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижелері «Мобильді ХҚКО» белгіленген кестеге сәйкес сол елді-мекенге екінші рет келген кезде беріледі. Дайын құжаттарды қызмет алушыға сенімхат арқылы өкіліне (әкімдіктің қызметкері) беру немесе ақысы төленген болса «Казпошта» АҚ хабарламасы арқылы жіберуге болады;
-«Мобильді ХҚКО» қызметкерлерінің дайын құжаттарды алғандығы туралы белгісі бар (қызмет алушының немесе сенімді тұлғасының қолы) қабылданған өтініштер тізілімін дайын құжаттарды беру секторына беру;
Тәжірибе көрсеткендей, Мобильді топтардың жұмысы мүгедектер, қарттар мен шалғайдағы тұрғындардың уақыты мен қаражатын үнемдейтін таптырмас мүмкіндік.
«Мобильді ХҚКО»-ның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру, оларды әрі қарай дамыту, өз бетімен алуға болатын қызметтерді ЭҮП арқылы халыққа түсіндіру, үйрету.
Мобильді топтардың осындай қызметінің арқасында мемлекеттік қызметтер халықтың барлық топтарына қолжетімді.
Мобильді ХҚКО Междуреченск және Күрті ауылдық округтеріне және Екпінді ауылдарына көрсетіледі.