БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Еgov.kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарихты білуге болады
 

 
 
 
Еgov.kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарихты білуге болады  

Электронды үкімет порталында «Жеке несие есебін алу» қызметі іске асуда. Еgov.kz порталының әрбір қолданусышы өзіңнің кредиттік тарихың 15 минут ішінде ала алады. Есепті алу үшін Қазақстан банкілерінің төлем картасы мен электронды сандық қолтаңба болуы қажет. Жеке кредиттік есепте салымшы туралы және оның міндеттемелерді орындау туралы барлық ақпараттар бар. Осы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің, лизингтік және тауарлар мен қызметті бөліп төлеуді ұсынатын басқа компаниялардың кредиттік бюросына келіп түседі. Есеп банктер мен басқа кредиттік ұйымдардан келіп түскен несие алушының кредиттік тарихы сауалдарының санын көруге мүмкіндік береді.Кредиттік есеп беру қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС мамандарымен жүзеге асырылған.
Толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.