БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» >  Білім туралы құжаттардың телнұсқасын ХҚКО алуға болады.
 

 
 
 
 Білім туралы құжаттардың телнұсқасын ХҚКО алуға болады.  

 Білім туралы құжатты жоғалттыңыз ба? Оқасы жоқ. Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім, техникалық және кәсіби, сонымен қатар негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжат телнұсқасын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады.
«Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім туралы құжат телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсіби білім туралы құжат телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО келесі құжаттарды ұсыну керек: оқу мекемесінің басшысына үлгіге сай өтініш, мерзімді басылымға құжаттың тіркеу нөмірі берілген уақыты көрсетілген , құжатты жоғалту туралы хабарлама көшірмесі, қызмет алушының жеке куәлігі, сонымен қатар қажет болған жағдайда: тегінің өзгеруі туралы құжат және білім туралы құжаттың түпнұсқасын, қателіктер бар болған жағдайда немесе жарамсыз болған жағдайда. (егер бар болса)
Ал «Негізгі, орта және жалпы орта білім туралы құжат телнұсқасын беру» қызметін рәсімдеу үшін Сізге туу туралы куәлік көшірмесін (2008 жылға дейін туған жағдайда) бала ата-анасының жеке куәлігі немесе тұтынушының, азаматтың өтініші немесе ата-анасының, егер Сіздің балаңыз кәмелет жасқа толмаған болса, құжаттың тіркеу нөмірі берілген уақыты көрсетілген, құжатты жоғалту туралы мерзімді басылымдағы хабарлама көшірімі, 10 күнге дейінгі уақытта басылған.
Барлық үш қызмет тегін көрсетіледі. ХҚКО аптаның 6 күні ішінде сағат 9.00 –ден 20.00 дейін, түскі үзіліссіз жолығуға болады. Білім туралы құжаттың телнұсқасы құжаттар пакетін тапсырғаннан кейін бір айдан кейін сіздің қолыңызда болады.