БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
 

 
 
 
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»  

 Қазіргі таңда әр тауарды тұтынушыларға жарнамалау өміршенді құбылыс болып кеткендігі айқын. Өмірде адам денсаулығына қажетті дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, құралдарды жарнамалау үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан заңды тұлғалараға айтарымыз сіз тұтынушыға өз өніміңізді жарнамалауға рұқсат алғыңыз келсе, халыққа қызмет көрсету орталығы сіздерге «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» қызметін ұсынады.
Ол үшін тұтынушы орталыққа:
1)мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;
2) жарнаманы теледидар арналары мен радиоға орналастыру кезіндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне,-аудиожазбадағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;
3) мемлекеттік тіркеу кезінде бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі мен түпнұсқасы, пайдалану құжатының көшірмесі мен түпнұсқасын;
4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті берген тіркеу куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасын;
5) жарнамалық материалдарға сараптама жүргізуге арналған төлемді растау құжатын;
6) қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын алып, жарнамаға рұқсат алуға арналған өтініш толтыру қажет.
Аталған қызмет жеке және заңды тұлғаларға отыз күнтізбелік күнде тегін негізде көрсетіледі.
Бұл қызметті Электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы да алуға болатынын хабарлаймыз.