БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» >  Мекенжай анықтамасын алу үшін не білу қажет?
 

 
 
 
 Мекенжай анықтамасын алу үшін не білу қажет?  

 Мекенжай анықтамасы - тұрғындардың алатын қызметтерінің ішіндегі ең талап етілетін қызметтің бірі. Жылдың басынан Іле ауданы ХҚКО бөлімінде азаматтар 120000 астам осындай анықтамаларды алды.
Мекенжай анықтамасы – тегін. Оны қоғамдық қол жетімді пунктерден, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында, ал егер сізде Электрондық үкімет порталында тіркеу және ЭЦҚ болса, онда мүлде ХҚКО бармай, үйіңізде, өз компьютеріңізден алуға болады.
Мекенжай анықтамасы жеке куәлігін ұсынған клиентке ғана берілетінін ескертеміз. Егер мекенжай анықтамасын алу қажеттілігі бір ерлі-зайыптыларға және кәмелеттік жасқа келмеген балаға қажет болса, онда ХҚКО бөліміне неке туралы және туу туралы куәлікті ұсыну қажет.
Егер алынған анықтамада ескі тіркелген мекенжай берілсе, онда көші-қон полиция қызметкерлеріне тұрғылықты жеріне тіркеуге түзету жүргізу қажет. Жаңартылған мекенжай анықтамасы 10 минуттан кейін дайын болады.