БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Мобильді үкімет М_GOV
 

 
 
 
Мобильді үкімет М_GOV  

 Мобильдік үкімет – бұл халыққа қызмет көрсетудің қосымша бір жолы. Қазіргі уақытта қызметтерді смратфондар, планшеттер арқылы, сондай-ақ қарапайым телефондардың көмегімен де алуға болады.
Мобильдік үкімет – барлық жерде қолжетімді болғандықтан тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне, жасына қарамастан халықтың көпшілігімен қарым қатынас жасау үшін қолайлы жол.
Мобильдік үкіметке тіркелу Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электрондық үкімет веб порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу барсында пайдалану келісімімен танысыуыңыз қажет. .
Мобильдік үкіметке тіркелген соң, бірнеше қызметтер түрін үйіңізде отырып-ақ ала аласыз, мысалы: «Мекен-жай анықтамасы», «Жылжымайтын мүліктің болмауы/болуы туралы анықтама», сондай-ақ ХҚКО-ға кезекті брондау, Баланы балабақшаға кезекке қою, сонымен қатар ұялы телефондарға төлем, «Қазақталеком» АҚ байлансының қызметіне төлем, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемдерін жүргізуге және т.б. қызметтер түрін алуға болады.
Егер де мобилді үкімет арқылы өз телефоныңыздан барлық қызметтерді үйден шықпай –ақ алғыңыз келсе, бізге келіңіз, біз сізге көмек көрсетеміз.
Біздің мекен жайымыз: Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Тәуелсіздікке 10жылдық к 24 Іле аудандық «ХҚКО» бөлімі.