БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу
 

 
 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу  

 Қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың, басқа да тіршілік иелерінің қауіпсіздігі және келеңсіз жайттардың алдын-алу мақсатында әрбір өнімге, жұмыстарға, жобаларға тиісті орындардан санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі. Оны қалай және қайдан алуға болады? Осы жөнінде айтпақпыз.
Ондай қортындыны алу үшін азаматтардан өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның аумақтық бөлімшелерінің кеңселері арқылы, сондай-ақ ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.
ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар жобалау құжаттамасы және материалдар;
болжанатын құрылысқа арналған жер учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау құжаттамасы;
3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;
4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймағын белгілеу бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге, құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
СҚА жобасы, оның ішінде жерасты және жерүсті көздері суының сапасы мен гидрогеологиялық зерттеулер қорытындысы;
5) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобасы;
6) қалалық және ауылдық елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелеріне, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
қалалық және ауылдық елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобалары;
7) жаңа шикізат түрлеріне, технологиялық жабдықтарға, тағам өнімдерін өндіру процестеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
белгіленген нысандағы өтініш;
өнімдер дайындалған кезде негізге алынатын құжаттар (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер); гендік-инженерлік-түрлендірілген ағзалардың, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тағам өнімдері үшін) болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;
бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар);
Кеден одағының заңнамасына сәйкес расталған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын дайындаушының (өндірушінің) құжаты;
зерттеулер (сынаулар) хаттамалары, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;
8) азық-түлік шикізат өнімдеріне, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелендіру көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға, ыдыстарға, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын қаптау және полимер материалдарына, парфюмерлік-косметикалық және кеңінен қолданылатын басқа да тауарларға, жабдыққа, аспаптарға және жұмысшы құрал-сайманға (бұдан әрі – өнімдер) арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
Белгіленген нысандағы өтініш;
өнімдерге арналған стандарт жобасы;
өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамалары (өнімнің қауіпсіздігінің белгіленген гигиеналық көрсеткіштері немесе сақтау шарттары (мерзімдері) өзгерген кезде);
бұйымдарды дайындаған кезде қолданылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан көшуге қабілетті заттардың тізбесі (рұқсат етілген шекті шоғырлануды, әсер етудің шамалық қауіпсіз деңгейін көрсете отырып);
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Қосымша ақпаратты www.con.gov.kz сайтынан немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.