БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу
 

 
 
 
Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу  

ҚР электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алуға болады. Қызмет www.egov.kz порталы «Бизнес» категориясы – «Бизнесті тіркеу және дамыту» тарауы – «Бизнесті тіркеу және тарату» бөлімінде қол жетімді.
Қызметті жеке және заңды тұлғалар ала алады.
Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды және тегін көрсетіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі: заңды тұлғаны, филиалды және өкілдікті тіркеу туралы анықтама алу.
Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Бұдан кейін:
«Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту
БСН көрсетумен немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген белгілер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану:
ұйымның атауы;

ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
басшының ТАӘ;
құрылтайшының ТАӘ.
ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.