БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Некені онлайн –режимінде тіркеу
 

 
 
 
Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат  

 Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет.
Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";
Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады.
Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын Электрондық Үкімет порталында кезекті онлайн брондауға болады.

Анықтама үшін: 2015 жылы, «ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен 35721 туу туралы куәлік берілген.