БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Жемқорлықсыз болашағымыз жарқын!
 

 
 
 
Жемқорлықсыз болашағымыз жарқын!  

Қазіргі таңда, бүкіл әлемде, барлық мемлекеттерде сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе болып тұрғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жарқын, азаматтарымыз аман-есен болсын десек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруына барша күштерімізді ат салысуымыз керек. Ал, ол үшін, баршамызға, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамаларды білуге қажетті. Сол себепті, Қазақстан Республикасының 02.07.1998 жылғы № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» заңынан қысқаша мәлімет айта кетсек жөн болар.
Заңның мақсаты: Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға,сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу,анықтау,олардың жолын кесу және ашу,олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың,мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың,сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін,сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады, егер де халықаралық шартта өзгеше көзделмесе.
Сыбайлас жемқорлықпен тек мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар ғана күресу міндетті емес сонымен қатар жеке тұлғалар да міндетті.
Сыбайлас жемқорлықты мүлдем жою мүмкін емес, бірақ оны азайту тек біздің қолымызда!