БАСТЫ > Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер > ҚҰЖАТ

 
 
 
2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Алматы облысы Іле ауданының жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы ақпарат 18.01.2017

 

         Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді. Аудан деңгейінде 92 мемлекетік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 6 мемлекеттік қызмет ақылы негізде, 86 мемлекеттік қызмет тегін негізде, 24 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 52 мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде, 16 мемлекеттік қызмет Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) арқылы. 
       
Азмататтарға арналған үкімет (ХҚКО)  бірге салыстырмалы түрде өткізілген сараптамаға сәйкес 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету  барысында  мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу фактісі бойынша      3   маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 
           Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде  «Е-акимат»,  «ИИС ЦОН»,  «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
          2017 жылы барлығы
147 734  мемлекеттік қызмет көрсетілген:
-жергілікті атқарушы органдар арқылы–124012;
-
Азаматттарға арнлаған үкімет (ХҚКО)  арқылы- 21026;
- электронды үкімет порталы арқылы –
2696.
             2017 жылы 19 түрлі рұқсат құжаттары бойынша
7178  рұқсат құжаттары берілген.
         Алматы облысы Іле ауданы 2 ХҚКО жұмыс істейді. Сонымен қатар ауданда
ғы мемлекеттік қызмет көрсететін Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдігі ғимараттарында және басқа да мекемелерде  мемлекеттік қызмет алушыларға арналған «Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Арнайы копьютермен жабдықталған.  Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтермен, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында ішкі бақылау жұмыстары, түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту сұрақтары аудан әкімі аппаратының жиналысында қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың бірыңғай тіркеу және статистикалық мәліметтерді дайындау сапасына мониторинг жүргізіледі. 
Ауданда «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары ақпараттық қолдау жүргізіледі. 
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру мақсатында аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат жариялануда. 2017 жылы жергілікті «Іле таңы» апталығында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы  21 мақала жарияланып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 11 семинар-кеңес өткізілді.

Есепке алынған уақыт ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым түскен емес.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  ҚР  Заңының 23- бабы,  5-6 тармақтарына сәйкес жоғарыдағы баяндалған есепке сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қатысты ескертулер мен ұсыныстарыңыз болса мына сілтеме (http://iletany.kz/lang_n/blog_akima/k_blog_msg.htm) арқылы қалдыруларыңызға болады.