БАСТЫ > Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер > ҚҰЖАТ

 
 
 
2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Алматы облысы Іле ауданының жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы ақпарат 08.01.2019

 

         Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді.
Аудан деңгейінде 102 мемлекетік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 6 мемлекеттік қызмет ақылы негізде, 96 мемлекеттік қызмет тегін негізде, 22 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 52 мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде, 14 мемлекеттік қызмет Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) арқылы.
Азмататтарға арналған үкімет (ХҚКО) бірге салыстырмалы түрде өткізілген сараптамаға сәйкес 2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу фактісі бойынша 2 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
2018 жылы 185 790 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағым келіп түспеген.
Ауданда аудан орталығы Өтеген батыр ауылында және Боралдай кентінде 2 ХҚКО жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтермен, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында Боралдай кенті мен ауылдық округтерде және мемлекеттік қызмет көрсетуші жергілікті органдарда ішкі бақылау жұмыстары, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, семинарлар, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.
Әрбір тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту сұрақтары аудандық қоғамдық кеңес отырыстарында талқыланып отырады.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың бірыңғай тіркеу және статистикалық мәліметтерді дайындау сапасына мониторинг жүргізіледі.
Ауданда «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары ақпараттық қолдау бойынша ХҚКО және жергілікті атқарушы органдар арқылы іс шаралар жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру мақсатында аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат жариялануда.
2018 жылы жергілікті «Іле таңы» апталығында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 19 мақала жарияланып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 17 семинар-кеңес, 9 дөңгелек стол, 20 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.
Тұрғындарға электронды қызмет алуды жақсарту мақсатында барлық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда «Өзіне –өзі қызмет көрстеу бұрыштары» жабдықталып, қызмет көрсетуде.
Ауданда қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және шағымдану тәсілдерін түсіндіру үшін барлығы 280 ақпараттық кітапшалар дайындалған.
Боралдай кенті мен ауылдық округтерде түрлі тақырыптарда билбордтар орнатылған.