БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Әсеттің әсем әндері-ай» атты  әншілер байқауының ЕРЕЖЕСІ  
 

Байқаудың мақсаты: Ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Композитордың халқымыздың асыл қазынасына айналған әндерін жаңғыртып, жастар арасында насихаттау, өнер сүйер қауымға кеңінен таныстыру. Әсіресе Әсеттің ұмыт бола бастаған, 60-70 жылдарда жазған шығармаларын қайта өңдеп (ремикс) репертуарына қосып, сахнада қайта жаңғыртуға үлес қосып жүрген орындаушыларға басты назар аударылады.

 

Байқаудың шарттары мен талаптары:

а) байқауға ауданның барлық ауылдық, кенттік әкімдерінің жолдамалары бойынша 1 үміткер қатыса алады.

ә) байқауға 16 жастан 40 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады. Байқауға трио, квартет тағы да басқа әншілер топтары жіберілмейді.

б) байқаудың бірінші кезеңінде әрбір қатысушы 2 ән орындайды: Ә.Бейсеуовтың 1 (бір) әнін және өз қалауы бойынша еркін тақырыпта 1 ән.

в) екінші кезеңде өз қалауы бойынша 1 ән орындайды.

Ән фонограмамен (минусовка, минидиск) орындалады.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы талапкерлердің:

-         орындаушылық шеберлігін;

-         әннің байқау тақырыбында сәйкестігін;

-         музыкалық өңделу деңгейін;

-         сахна мәдениеті мен киім үлгісін;

-         дауыс ырғағы, кеңдігі, дауыс мәнерін ескереді.

Басқа облыстар мен қалалардан

 

Тапсырылатын құжаттар: 20.04.2012 ж. дейін тапсырылу қажет

- заңды түрде расталған төлқұжаты, РНН, СИК (көшірмесі);

- үміткердің өтініші;

- орындаушының шығармашылық өмір баяны;

- 13х18 көлеміндегі түрлі-түсті фотосурет;

- байқауға ұсынылған әндердің тізімі.

 

Жеңімпаздарды марапаттау: Жеңімпаздар дипломдар,мадақама қағаздар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлдеге ие болған жеңімпаз облыстық байқауға қатысуға жолдама алады.

 

Байқаудың өтетін уақыты: 2012 жыл 25 сәуір, Ащыбұлақ округі, №4 ОМ

Тіркеу 9.00

Басталуы: 11.00

 

Ескерту: Жол шығынын, тамағын жіберуші жақ көтереді.

Байланыс телефондары:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Өтеген батыр кенті; Тел: 22138

Аудандық  мәдениет үйі:

Чапаев ауылы;

Тел: 77365