БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Дипломмен ауылға» атты аудандық байқаудың ЕРЕЖЕСІ  

 

Мақсаты:

-         Талантты жастарды қолдау, эстетикалық талғамы мен мәдениетінің дамуына қолдау көрсету.

-         Жастарды туған өлкеге деген елжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар: Ішкі саясат бөлімі

Өтетін күні мен орны: 17 наурыз сағ: 10 00, Первомай кенті МҮ

Қатысушылар: ауыл, кент округ көлемінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жастар. 

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

 

1. «Менің түйіндемем» Қатысушылар өздерін таныстырады - 3 минут. (түсініктеме төменде)

2. «Мамандықтың бәрі жақсы».– 4 минут. (түсініктеме төменде)

3. «Білім қоры»  -1 минут. (түсініктеме төменде)

4. «Мамандықтың киім стилі» - 1 минут. (түсініктеме төменде)

5. «Шеберлік шыңы» Өнер сайысы – 3 минут. (түсініктеме төменде)

 

Байқау шарттарына түсініктеме:

 

1-шарт: Байқауға қатысушы өздерін өлең, сахналық көрініс, қара сөзбен таныстырады.

2-шарт: Қатысушы өз мамандығы көлемінде атқарған шығармашылық лабараториясын қорғайды (слайд, видеофильм т.б.).

3-шарт: Білім сайысына қатысушылар Қазақстан тарихы, әдебиеті, саясаты, өнерге байланысты сұрақтарға жауап береді.

4-шарт: Өзі атқаратын мамандығы бойынша киім үлгісімен эмблемасын қорғау.

5-шарт: Өнер сайысына қатысушылар жеке орындауда ән, жатқа өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, би, скетч т.б. көрсетеді.

 

Қатысушылар туралы мәлімет төмендегі кесте бойынша  10 наурыз Ішкі саясат бөліміне өткізу тапсырылады

Аты – жөні

Туған жылы

Жұмыс орны

Жетістіктері

1

 

 

 

 

Ескерту: Байқауға қатысушылардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарына, киім үлгісіне, сахна мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22