БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Саясат» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ  
 
Мақсаты:

-         Мемлекеттік қызметкерлер арасында ішкі саясат мәселесімен айналысатын қызметкерлердің бұқаралық, кәсіби шығармашылығын дамыту.

-         Кәсіби шеберлігін арттыру, ынталандыру және көтермелеу.

Ұйымдастырушылар: Ішкі саясат бөлімі

Өтетін күні мен орны: 17 қараша, сағ: 10 00, аудандық әкімшілік акт залы

Қатысушылар: Ауыл, кент әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат мәселесімен айналысатын мамандар, мемлекеттік қызметкерлер.

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

1. Тест

2. «Түйіндеме» Қатысушылар өздерін таныстырады - 2 минут. (түсініктеме төменде)

3. «Ішкі саясат және тәжірибе» Ішкі саясат бойынша атқарған жұмыстарды қорғау – 10 минут. (түсініктеме төменде)

4. «Өнер жолы» өнер сайысы -5 минут. (түсініктеме төменде)

5. «Саясат мінбесі» шешендік өнер - 2 минут. (түсініктеме төменде)

6. «Егер мен болсам...»

7. Шығармашылық тапсырмалар

Байқау шарттарына түсініктеме:

1-шарт: Ішкі саясат мәселесі мен қазақстан тарихына байланысты 30 сұрақтан түзілген тесттан өтеді.

2-шарт: Байқауға қатысушы өздерін өлең, сахналық көрініс, қара сөзбен таныстырады.

3-шарт: Ішкі саясат мәселесі бойынша ауыл, кент округтарында атқарған жұмыстарының іс-тәжірибесін қорғайды. (слайдтар, альбомдар, буклеттер, кітаптар)

4-шарт: Өнер сайысына қатысушылар жеке орындауда ән, жатқа өлең, музыкалық аспаптарда ойнау өнерін, би, скетч көрсетеді.

5-шарт: Белгілі тақырыпта сөз сөйлеу, ой-пікірін білдіру, аудиторияны өзіне баулу, тақырыпты ашу.

6-шарт: Ішкі саясат мәселесінен туындайтын жағдайлар бойынша тапсырмалар экраннан беріледі, соларды оңтайлы шешу тапсырылады.

7-шарт: Қосымша жарыс кезінде беріледі.

Қатысушылар туралы мәлімет төмендегі кесте бойынша  1 қараша  Ішкі саясат бөліміне өткізу тапсырылады

Аты – жөні

Туған жылы

Жұмыс орны

Жетістіктері

1

 

 

 

 

Ескерту: Байқауға қатысушылардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарына, киім үлгісіне, сахна мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22