БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Жетісу жұлдыздары-2012» атты  балалар шығармашылығы байқауының ЕРЕЖЕСІ
 

 

Байқаудың мақсаты:

-         балалар шығармашылығын дамыту;

-         музыкалық-эстетикалық тәрбие беру;

-         жас таланттарды насихаттау.

Байқаудың шарттары: Байқауға қатыстын үміткердің жасы 5 жастан 15 жасқа дейін болуы тиіс. Байқау 2 жанр бойынша өткізіледі:

1.     Эстрадалық ән;

2.     Би

-         Ән жанры бойынша қалаған тілінде 2 ән жанды дауыспен орындалуы тиіс.

-         Плюс жазылған ән байқауда есептелмейді

-         Би жанры бойынша 2 би қойылымы жеке орындауда және топтық орындауда әр бағытта (классика, фольклор, модерн, халық биі т.б.) таза жазылған фонаграммамен орындалуы тиіс.

-         Байқауға қатысу реті түскен өтінімдердің реті бойынша болады.

 

Тапсырылатын құжаттар: 13.03.2012 ж дейін тапсырылу қажет

- толық аты-жөні, туған жылы, күні;

- оқитын мектебі, мекен-жайы, телефоны;

- репертуары, орындалатын шығарманың авторы;

- би қойылымының аты;

- туу туралы куәлігінің, РНН көшірмесі.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас жүлде (1-2 номинация, 2 топ бойынша)

1 орын  (1-2 номинация, 2 топ бойынша)

2 орын (1-2 номинация, 2 топ бойынша)

3 орын (2-2 номинация, 2 топ бойынша)

Ынталандыру (3-2 номинация, 2 топ бойынша)

 

Байқаудың өтетін уақыты: 2012 жыл 16-мамыр

Тіркеу 9.00

Басталуы: 11.00

Ескерту: Жол шығынын, тамағын жіберуші жақ көтереді.

 

Байланыс телефондары:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Өтеген батыр кенті; Тел: 22138

Аудандық  мәдениет үйі:

Чапаев ауылы;

Тел: 77365