БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
М.Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі
«Жырлайды жүрек» атты  облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ
 
 

Байқаудың мақсаты: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналған. Сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында шек жоқ. Өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Тыңдарманға рухани азық болатындай М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.

Байқаудың шарттары: Байқауға әр ауылдан екі-үш үміткер қатыса алады. Байқауға қатысушылар М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған 2 ән орындаулары шарт. Орындаушылардың жасына шек қойылмайды. Үміткерлер белгілі бір аспаппен өздерін сүйемелдеу арқылы және жанды дауыспен, минусовка арқылы өнерлерін көрсете алады.

 

Тапсырылатын құжаттар: 03.02.2012 ж дейін тапсырылу қажет

- ұсыныс,  репертуары

- үміткердің төлқұжаты, РНН көшірмесі

- орындаушының шығармашылық өмірбаяны;

- байланыс телефондары

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас бәйге 1

1 орын  1

2 орын 1

3 орын 1

Ынталандыру 1

 

Байқаудың өтетін уақыты: 2012 жыл 7-ақпан

Тіркеу 9.00

Басталуы: 11.00

Ескерту: Жол шығынын, тамағын жіберуші жақ көтереді.

 

Байланыс телефондары:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Өтеген батыр кенті;

Тел: 22138

Аудандық  мәдениет үйі

Чапаев ауылы;

Тел: 77365