БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Халықаралық талаптарға сәйкес үлбір бұйымдарын таңбалау туралы 09.07.2019

     

Өнімнің мынадай атаулары (4303 тауар позициясы) сияқты:

Пальто, жартылай пальто, күртешелер, жамылғы, костюмдер, кеудешелер, бас киімдер, жағалар, манжеттер, әрлеулер, киімдер, қолғаптар және басқа да ұқсас, үлбірден: күзен, нутрий, түлкілер, қояндар, енот, қой терісінен және өзге де (үлбірдің өзге түрлерінен жасалған киім) жасалған бұйымдарды сатып алу кезінде, неге назар аудару қажет:

Кеден одағының аумағында Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 017/2011) техникалық регламенті жұмыс істейді, оның әрекеті Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады.

Үлбір және үлбір бұйымдары осы техникалық регламенттің күші қолданылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне (бұдан әрі - өнім) жатады.

Осы техникалық регламенттің 11-бабына сәйкес, нарыққа айналымға шығарар алдында өнім осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растау рәсіміне ілігуі тиіс, ол сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау нысанында жүзеге асырылады.

Осы техникалық регламенттің 9 және 12-баптарында өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар баяндалған:

1.Таңбалауда мынадай міндетті ақпарат болуы тиіс:

1. - өнімнің атауы;

2. - дайындаушы елдің атауы;

3. - дайындаушының немесе сатушының немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның атауы;

4. - дайындаушының немесе сатушының немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның заңды мекенжайы;

5. - бұйымның өлшемі;

6. - шикізат құрамы;

7. - тауарлық белгісі (болған кезде);

8. - Кеден одағының мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі;

9. - дайындаушының кепілдік міндеттемелері (қажет болған жағдайда);

10. - дайындалған күні;

11. - өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).

2. Өнімнің түрі мен мақсатына байланысты таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс:

- киімге және үлбірден жасалған бұйымдарға арналған қосымша ақпарат:

- тері түрі және оны өңдеу түрі (боялған немесе боялмаған));

- өнімді күту белгілері;

- пайдалану процесінде бұйымды күту жөніндегі нұсқаулық (қажет болған жағдайда).

Сондай-ақ ЕАЭО-ның барлық елдерінде Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635 және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи теріден жасалған өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі қолданылады.

2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер үлбірден жасалған бұйымдарын оларға бақылау (сәйкестендіру) белгілерін енгізгеннен кейін ғана сатуға міндетті.

Бақылау (сәйкестендіру) белгісі (бұдан әрі - БсБ) - бұл қорғау элементтері мен радиожиілік белгісі (RFID-белгі) бар қатаң есептілік бланкісі.

Тауарларда БсБ-нің болуы мынадай мақсаттарды көздейді:

- әрбір БсБ бойынша қатаң есептілік;

- БсБ таңбалауға жататын тауардың әрбір бірлігіне салынады;

- БсБ кодтары бірегей RFID-белгі чипінің коды мен тауармен қатаң байлауда сақталған, және бұл зиянкестерге кодты болжап немесе қолдан жасауға мүмкіншік бермейді;

- БсБ түпнұсқалығын жүйенің кез келген пайдаланушысы тексере алады.

Ереженің 31 тармағына сәйкес, ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кедендік рәсімге орналастырғаннан және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарларды таңбалауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды тауарларды кедендік рәсімге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.

Бұл ретте, Ереженің 23-тармағына сәйкес, Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу кезінде, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кедендік рәсімге орналастырылған және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінімді дербестендіруге рәсімдейді.

Тауарлар тізбесіне сәйкес таңбалауға мынадай түрлері жатады:

1) күзен - 4303 10 9010 ЕАЭО СЭҚ ТН;

2) нутрии-4303 10 9020 ЕАЭО СЭҚ ТН;

3) түлкілер - 4303 10 9030 ЕАЭО СЭҚ ТН;

4) қояндар - 4303 10 9040 ЕАЭО СЭҚ ТН;

5) енот - 4303 10 9050 ЕАЭО СЭҚ ТН:

6) қой - 4303 10 9060 ЕАЭО СЭҚ ТН;

7) өзгелері (жүннің өзге түрлерінен жасалған киім) - 4303 10 9080 ЕАЭО СЭҚ ТН.

Бұдан басқа, жеке тұлғалар жеке пайдалануға әкелетін үлбір бұйымдары бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жатпайды.

Маркалау рәсімі салауатты бәсекелестікті қолдауға, нарықты заңсыз өнімдерден қорғауға, көлеңкелі экономика көлемінің қысқаруына және бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюына бағытталған, сондай-ақ тұтынушыға сатып алынатын тауар туралы толық ақпарат алуға және өздерін контрафактіден сақтандыруға мүмкіндік береді.

 

Қатипа ЖҰМАНОВА,

Қазақстан Республикасы индустрия және

инфрақұрылымдық даму Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша

департаментінің бөлім басшысы